Kozybayev University открыл двери для будущих абитуриентов
Жоғары оқу орны қаламыздың мектеп бітіруші сынып оқушыларына арналған ашық есік күні шарасын өткізді. 170-ке жуық бала жаңа оқу-зертханалық корпустағы заманауи зертханалармен танысып, студенттермен әңгімелесті. Талапкерлерге біздің университетте оқу перспективалары: білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық, Қазақстан мен шетелдің жетекші профессорларынан оқыту, шығармашылық жобаларды іске асыру, Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің қос дипломдық бағдарламалары туралы айтылды. Университеттің факультеттері мен кафедралары, студенттік ұйымдар мен шығармашылық бірлестіктер өз презентацияларын ұсынды. Шараның интерактивті бөлімін асыға күтетін оқушылар би және музыкалық байқауларға қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілерден сыйлықтар алды. Қабылдау және рекрутинг кеңсесінің жетекшісі Гүлмира Оспанованың айтуынша бұл жолы қаламыздың 6 мектебінен келген оқушылар өздерін шынымен болашақ студент ретінде сезінуге мүмкіндік алды: «Біздің міндетіміз-балаларды бағдарлау. Болашақ студенттерімізге білім алу мүмкіндіктерін көрсетіп, ЖОО-мен таныстыру. Оларға сұранысқа ие білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық туралы ақпарат берілді». Сондай-ақ, оқушылар оқуға түсу, жатақханада тұру, жеңілдіктер, стипендиялар мен гранттар бойынша толық кеңес алды. Ашық есік күндері келесі аптада жалғасады.
Әрі қарай оқу