"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Оқу-білімсіз өнер де жоқ... өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ғабит Мүсірепов

Ғылым және индустрия: Қазақстандағы күкіртті қайта өңдеудің жаңа перспективалары

Қозыбаев университетінің командасы ҚР ҒЖБМ делегациясының құрамында Министр Саясат Нұрбек бастаған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Асхат Хасеновпен кездесті.

Бүгінде ең ірі ұлттық мұнай-газ компаниясы ғылыммен байланысын жүйелі түрде нығайтады. Геология, кен орындарын игеру және мұнай-газ химиясын, 80-ге жуық ғылыми саланы қамтитын ҒЗТКЖ жол картасы әзірленді. Қазірдің өзінде 35 жетекші университетпен ынтымақтастық орнатылған.

Біз үшін  Аризона университетінің ғалымдарымен бірлескен күкірт құрамдас полимерлерді әзірлеу жобасын талқылау өте маңызды.

«Қазақстанның күкірт қоры мол. Cондықтан біз бұл ресурсты қосылған құны жоғары өнімге айналдырудың жаңа тәсілін қалыптастырып жатырмыз. University of Arizona және Kozybayev University мамандарымен серіктестік озық ғылыми әзірлемелерге жол ашып, зерттеуден бастап кадр даярлауға, шешімдерді пилоттық енгізуден оларды ауқымдандыруға дейінгі толыққанды экожүйе құруға мүмкіндік береді. Жаңа материалдар мен тыңайтқыштардан бастап металл өндіру технологияларына дейінгі кең ауқымда қолданылатын бұл жоба күкіртті қайта өңдеудің экологиялық мәселелерін де қатар шешеді », - деді ҚР ҒЖБМ Саясат Нұрбек .

Жобаны үш бағытта жүзеге асыру жоспарланған: күкірттен жоғары технологиялық пластмассаларды өндіру, инновациялық тыңайтқыштар және кеннен қалдық бағалы металдарды алу үшін күкіртті пайдалану.

Әлемге әйгілі ғалым Джеффри Пьюн бастаған халықаралық зерттеушілер тобы балқытылған күкіртті полимерлерге және инфрақызыл линзалар, литий-күкірт батареясының компоненттері, коррозияға қарсы жабындар және баяу бөлінетін тыңайтқыштар сияқты жоғары құнды өнімдерге айналдыратын озық кері вулканизация технологиясын әзірледі. Технология 11 патентпен қорғалған, 50-ден астам ғылыми басылымдармен расталған және айтарлықтай коммерциялық әлеуетке ие.

Біздің еліміз үшін бұл жоба ерекше өзекті. Себебі Қазақстан жылына шамамен 4,3 млн тонна өндіретін қарапайым күкірт өндіру бойынша әлемде 7-ші орында. Дегенмен, күкірттің артық жиналуы, экологиялық қауіп тудырады. Осыған байланысты шикізат экспортынан қосылған құны жоғары Инновациялық, күкірті бар материалдарды терең өңдеуге және өндіруге көшу міндеті барған сайын маңызды бола түсуде.

23.02.2026