Оқуға түсу шарттары

Магистратураға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде магистратураға түсу емтихандарының нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

Өтініштер шілде айының 3-нен бастап 25-не дейін қабылданады.

Магистратураға түсу емтихандары тамыздың 8-нен бастап 16-сына дейін өткізіледі.

Оқуға қабылдау - тамыздың 28-не дейін.

Жоғары оқу орнынан кейін білім алу үшін қажетті құжаттар тізімдемесі

  • Ректордың атына жазылған өтініш;
  • жоғары білімі туралы құжаттаың көшірмесі;
  • шетел тілі бойынша тест тапсыру туралы (болған жағдайда) сертификат көшірмесі:
    • ағылшын тілі: 
    • TOEFL ITP – 460 ұпайдан кем емес
    • TOEFL IBT - 87 ұпайдан кем емес
    • TOEFL - 560 ұпайдан кем емес
    • IELTS - 6.0 ұпайдан кем емес
    • неміс тілі: 
    • DSH - Niveau С1/С1 деңгейі
    • TestDaF-Prufung - Niveau C1/С1 деңгейі
    • француз тілі: 
    • TFI - оқу және тыңдау секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес
    • DELF - В2 деңгейі
    • DALF - С1 деңгейі
    • TCF - 400 ұпайдан кем емес
  • кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • 3х4 көлемді 6 фотосурет;
  • 086У үлгісіндегі медициналық анықтама;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (бар болса);
  • картон тезтікпе және 8 файл (мультифор).

*Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқа ұсынылады.

Магистратураға түсуші тұлғалар оқуға түсу үшін келесі емтихандарды тапсырады:

  • таңдау бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білуді талап ететін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);
  • мамандығы бойынша.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға 100 ұпайлық бағалау шкаласы бойынша түсу емтихандарының сомасы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:

  • ғылыми-педагогикалық магистратура үшін-кемінде 150 балл;
  • бейіндік магистратура үшін-кемінде 130 балл, оның ішінде шет тілі бойынша кемінде 30 ұпай.

Осы ереженің 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға бағалаудың 100 ұпайлық шкаласы бойынша ең жоғары ұпай есептеледі.

Магистратураға оқуға түсу сауалдары бойынша келесі мекен-жайға жолығыңыз: Абай к-сі, 9, 2 корпус, 216 каб. Телефон: +7 (7152) 494042, ішкі 1019.