"Жігер" жарыссөз клубы

Жарыссөз  – бұл ережелер қатаң сақталынатын, өз алдына талқылаудың ерекше түрін ұсынатын интелектуалды ойын. Жарыссөз сыншыл және логикалық ойлауды дамытады, қатынасу мәдениеті мен жұрт алдында сөз сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, өзіндік шешім қабылдауға дайындайды, қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде тұлғаның қалыптасуына көмектеседі.

Жарыссөздің негізгі сипаттамасы - қарама-қайшы көз-қарастардың қақтығысуын қамтамасыз ететін ережелердің болуы. Тек қана сөз сөйлеп қана қоймай, басқа жақтың дәлелдерінен қорғану, басқа жақтың дәлелдерін қайтарып тастау, оппоненттердің ұстанымын өз ұстанымыңмен салыстыру арқылы төрешіні өзіңнің асымдығыңа сендіру.

Жарыссөздің пайда болу тарихы жайлы қысқаша:

Жарыссөз өз бастауын Ежелгі Грециядан бастады, ол онда демократияның ең маңызды элементі болды.  Афина азаматтары ұсынылып отырған заңдардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы талассөздер жүргізді;  оқушылар мәселелерді бірнеше тұрғыдан оларды жақсы түсіну үшін талдай отырып айтысуды үйренді.

Орта ғасырларда Еуропада білім беру жүйесінде шешендер шеберлігі мен жарыссөз курстары жүргізілді АҚШ тарихының басында жарыссөз университеттерде қалыптасқан. 1960 жылы президентті сайлау кезінде Джон Кеннеди мен Ричард Никсон арасында өткен бірінші теледидарлық жарыссөз жаңа қуатпен көңіл аудартты.

Қазіргі таңда жарыссөз әлемнің бар мектептері мен университеттерінде өткізілетін болды.  Және де бүгінгі таңда жарыссөз Қазақстандағы жастар әрекеттерінің бірден-бір танымал түрі болып табылады.

Жарыссөздің мәні: бейтарап үшінші жақты, төрешіні оппоненттердікіне қарағанда сіздің дәлелдеріңіз жақсы екендігіне сендіру. Дегенмен оның мәнісі оңай, стратегия мен техника арқылы қажетті нәтижеге қол жеткізу қиын болуы мүмкін.

Республикалық деңгейде жарыссөздің негізгі форматтары бар: Карл Поппер форматы, Американдық - Парламенттік формат, Британдық – Парламенттік  формат, Линкольн-Дуглас форматы.

Біздің университетімізде де өз қазақ және орыс лигасынан тұратын «Жігер» жарыссөз клубы бар.

Клубтың міндеті:

  • Жоғары оқу орнының студенттерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру;
  • Шешендік шеберлікке және пікірталас жүргізу ережелерін үйрету;
  • Талас ахуалдарды дипломатиялық түрде шешуді үйрету;
  • Өз көзқарасыңды қорғауға үйрету;
  • Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жаңа идеялар табу.