М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің алғашқы кәсіподағы ұйымы

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ алғашқы студенттер кәсіподағы ұйымы – біздің жоғары оқу орнымыздың студенттерінің басын біріктіретін және біздің мәселелерімізді шешуге, түрлі өмір жағдайларында көмек көрсетуге және біздің бастамаларымызды қолдауға шақырылған ірі ұйым. Қазір СҚМУ кәсіподақ ұйымының құрамын 2000-ға жуық студент құрайды. Біз тек қана студенттердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғап қана қоймай, сондай-ақ, көмекке мұқтаж және өмірдің қиын ахуалына кезіккендерге көмектесумен, жоо әкімшіәлігі және студенттер арасында ұжымдық татудың болуын қалыптастырумен және бақылаумен айналысамыз.

Қазіргі таңда көптеген адамдар бірнеше кәсіподақ ұйымдардың бар екенін біледі, алайда осы қоғамдық бірлестіктердің жұмыстарын жүргізетіндер аз.

Кәсіподақ – университеттің әлеуметтік жұмысында студенттердің қызығушылықтарын көрсету мақсатында олардың еріктерін білдіретін СҚМУ студенттерінің ерікті бірлестігі. Кәсіподақ 1992 жылы 2 шілдеде құпрылған. Оның негізгі жұмысы құрамын 15-тен аса адам төрағасы, факультеттің кәсіподақ ұйымдастырушылары мен белсенділері құрайтын белсенді топпен жүзеге асырлады.

СҚМУ студенттер кәсподағын көпшілікке мәлім ету және біздің ұйымымызға көңіл аударту мақсатында 2009 жылы кәсіподақтың логотипі бар футболкалар, сондай-ақ, біздің логотиптермен төсбелгілер мен баннерлер пайда болды. Ал 2012 жылы ұйымның 20 жылдығын атап өту құрметіне Кәсіподақтың логотипі бар жаңа футболкалар шығардық.

СҚМУ студенттер кәсіподағы біздің студенттеріміздің барлық жұмыстарын қамтиды, бізді университет қабырғаларында олардың өмірлері қалай өтетіндігі қызықтырады. Бұл туралы біздің кәсіподақтың белсенді жұмыстары дәлел:

Біріншіден, бұл түрлі тақырыптағы іс-шаралар мен жарыстарды ұйымдастыру және өткізу – «4 бөлме» жатақханалар арасындағы жарысы, «Күз тартулары» плакаттар сайысы, бұл жылы біздің университеттің бастамасымен өткізілетін «Біздің ардагерлер», «Ғашықтар күніне орай пошталық қызметін ұйымдастыру», жыл сайынғы салауатты өмір салтын насихаттайтын «Сенің таңдауың» атты спорт сайыстарына қатысамыз, «СҚМУ інжуі» сайысыны ұйымдастыруға ат салысу, басқа ұйымдармен бірлее отырып студенттер жатақханалары арасында спартакиаданың, «Никотинді дәруменге айырбаста» акциясының, ЖҚТБ-мен күресу күніне орай факультеттер арасында санбюллетень сайысының өткізілуіне ат салысу, денсаулық фестиваліне қатысу, флеш-мобқа қатысу, жоо әкімшілігін құттықтау, университет қабырғасында өтетін басқа да іс-шаралардың өткізілуіне ат салысу, соныме қатар қалалық деңгейдегі іс-шараларға қатысу. «Белсенділер балы» дәстүрлі өткізілуде – әрбір жастар ұйымы өз белсенділерін марапаттайтын, өткен жылды қорытындылайтын, істелген жұмыстарға талдау жасалынатын іс-шара. Бұл іс-шарада облысты, университеттің жастар ұйымдары, Облыстық Жастар Маслихатының өкілдері, сонымен қатар жоғары оқу орнымыздың әкімшілік өкілдері қатысты. 

Екіншіден, СҚМУ студенттеріне қайырымдылық көмектері көрсетіледі, тегін тамақтану, мұқтаж студенттерге киім-кешектерсатып әперу, сондай-ақ, жыл сайын «Сосновый борға» кәсіподақ мүшелеріне 10-ға жуық жазғы жолдамалар табысталады, дәлдеп айтқанда, мүгедек студенттерге, кәсіподақ есебінен сауықтыруға мұқтаж студенттерге, жетімдерге, мүгедектерге, балалы, жүкті студенттерге Жаңа жылдық қағаз қапшықтар беріледі, КВН-ға қатысушы командаларға демеушілік көрсетіледі. Сонымен қатар біз «Мүгедектер клубымен» байланысамыз. Дәстүрлі шаралардың бірі – біз 2012 жылы олармен бірге Пестрое көліне сейілге шықтық.  

Сондай-ақ, біздің ардагерлерімізге қолдау көрсетуді ұмытпаймыз: Қарттар күніне орай айлықта олармен әңгімелесеміз, үй шаруасына көмектесеміз. Басқа ұйымдармен бірлесіп университетіміздің ардагерлері мен студенттердің кездесулерін ұйымдастырамыз. Бір ай ішінде біз СҚМУ ардақты ардагерлерімізге барып қайтамыз.

Үшіншіден, СҚМУ студенттер кәсіподағы ХДП «Нұр Отан» «Болашақ» филиалы және ЖК «Жас Отан», «Петропавл қаласының «Студенттері Альянсі», «Ізгі ниет пікір сөзі» пікір сөз клубы, Студенттер кеңесі, «Нұр Ару» гендерлі клубы, «Еркін пікір» пікірталастықклубы, «Жас саясаткер» мектебі, Жастар Маслихаты және басқа да жастар ұйымдарымен бірге қызмет жасаймыз.

Әрине біздің ұйымымыздың ішінде әрдайым іс-шараларға қатысу, әр факультет бойынша құжаттар жүргізу және тағы басқалары қамтылатын кәсіподақтың ұйымдастырушылары мен белсенділердің жұмыстарының мониторингісі жүргізіледі.

Біздің ұйымымыздағы өмір жаңа іс-шаралармен, эмоциялармен, оқиғалармен толы, сондай-ақ, Кәсіподақтың әрбір мүшесі қағаз құжаттармен жұмыс істеуге жұмылдырулы.


Кәсіподақ саған не береді?

 Біздің жұмысымыздың аясы кең: жатақхана мәселелерін шешу, студенттер мен оқытушылар арасындағы жанжал оқиғаларды еңсеру, студенттерге материвалдық көмек көрсету, шипажай емдеу-сауықтыру орындары, ОӨК «Мирас» лагері, ғылыми, спорт, бос уақыт және мерекелі іс-шараларды ұйымдастыру. Жалпы біз студенттерді қызықтыратын, алаңдататын және қуантатын барлық істермен айналысамыз. Алда көптеген аяқталмаған істер күтіп тұрдеп ойлаймыз.


Қалай кәсіподақ құрамына кіруге болады?

 Кәсіподақ ұйымына кіру үшін есеп картасы мен арыз толтыру (оларды кәсіподақ ұйымдастырушылар топтарынан немесе тікелей Кәсіподақ комитетінен 214 ауд., 4 корпустан алуға болады), шәкіртақы көлемінің 1% көлемінде мүшелікке кіру жарнасын төлеу және де өзіңнің кәміподақ ұйымының билетін алу қажет – кәсіподақ ұйымына барғандағы сенің ең маңызды құжатың.


Кәсіподақ не үшін қажет?

Өздерінің құқықтарын қорғау үшін студенттер кәсіподақ ұйымына бірігеді. Кәсіподақ облыстық, жергілікті басқарушылармен байланысады және олардың деңгейлерінде конференция, барлық мүмкін дөңгелек столдар және басқа пікірсайыстары арқылы студенттердің білім алу жағдайларын жақсартуға қатысты сұрақтарды шешуге тырысады.

Кәсіподақ – бұл сенің жоо әкімшілігімен қарым-қатынасыңдағы заңды өкілің. Ол жеке және ұжымдық таластар кезінде сенің мүддеңді қорғайды. Университетпен байланысқа қатысты көптеген маңызды құжаттар мен шешімдерді әкімшілік таңдалған кәсіподақ органының ойын есепке ала отырып қабылдауға міндетті. Кәсіподақ мүшелеріне беріледі: түрлі сұрақтар жөнінде сабағаттар алу түрінде тегін көмек. Кәсіподақ әкімшіліктің заңнамалар мен нормативтік актілерді орындауына бақылау жүргізуге құқылы. Кәсіподақтар студент ретінде сенің жағдайыңды жақсартатын келісімдерге отырады.

СҚМУ студенттерінің кәсіподақ ұйымы бірінші жыл ғана өмір сүруде емес. Және оған бір ғана басшы жетекшілік еткен жоқ. Әрбіреуі оған жаңа нәрсе, жаңа механизм енгізуге тырысты, солардың арқасында кәсіподақ жүйесі үлкен тиімділікпен, қайырыммен жұмыс істейді, студенттерге өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және студенттерде өз облысы бойынша маманның қажетті білімдері мен машықтарын меңгеру борышын, қоғамдық, мәдени және спорт өміріндегі ішкі дарынын дамытады.

Студенттер Кәсіподақ комитетінің ең маңызды міндеттері мен бағыттарының бірі – ішкі мүмкіндіктерін табу және оларды орындауға көмектесу.

Кәсіподақтың міндеті – әрине студентке тұлға ретінде қалыптасу кезінде, өз жолын табуға көмектесу.

Дәл университетте болашаққа деген мінез-құлық, мақсаттар мен міндеттер қалыптасады. Бұл жағдайда Кәсіподақ өз ықыласын қолдау арқылы, жас адамның ойының орындалуына көмектесу арқылы өзін табуға көмектеседі. Студентке адамдармен жұмыс істеуге қабілетті ұйымдастырушы рөлінде өзін көруге, олармен бірге ортақ ойларды іске асыруға мүмкіндік береді. Өйткені біздің түлектер болашақ басшылар және олар дәл осы уақытта бұған үйрену керек. Дәл осыны біз оларға ұсынамыз!!!

СҚМУ студенттер кәсіподағында көңілді және қайырымды, болашағына немқұрайлы қарамайтын адам жұмыс істейді.

Біз – КОМАНДАМЫЗ!

Біз саған студенттік шақтың оқиғаларында дұрыс бағыт алуға көмектесеміз. Бірге біз күшпіз.

Кәсіподақ құрамына кір де, өзің қалыптас!!!