Тарих, экономика және құқық факультетінің «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының 2-курс Ж-24қ тобының студенті Амирова Замира Мадияровн әрі қарай оқу
Сөздәйектер галереясы
Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.
Факультеттер жаңалықтары
2026 жылғы 19 наурызда тарих, экономика және құқық факультетінде жаңа демалыс аймағы — «Kitchen Room». Іс-шара Наурыз мерекесі қарсаңында университетт әрі қарай оқу
2026 жылғы 18 наурызда Ұлттық киім күні аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің медицина факультетінің оқу-зертханалық корпус әрі қарай оқу
2026 жылғы 17 наурызда Шаңырақ күні мерекесі аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің медицина факультетінің оқу-зертханалық к әрі қарай оқу
*]:pointer-events-auto scroll-mt-[calc(var(--header-height)+min(200px,max(70px,20svh)))]" dir="auto" data-turn-id="request-WEB:ee119cbd-a6d1-49f5-835f әрі қарай оқу
2026 жылғы 15 наурызда Қайырымдылық күні аясында медицина факультетінде «Жақсылық жаса — жүрек жылыт!» атты еріктілер акциясы ұйымдастырылды. ОМ-21 т әрі қарай оқу
2026 жылдың 14 наурызында тарих, экономика және құқық факультетінде «Көрісу күні» атты дәстүрлі қазақ мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл әрі қарай оқу
Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында, 2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін бі әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында тарих, экономика және құқық факультетінде «Күміс университет» жобасы аясында курс тыңдаушы әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде «Foundation» бағдарламасының студенттерімен және болашақ талапкерлермен кәсіби бағдар әрі қарай оқу
Зерттеушіге: зияткерлік меншік
2011-2026 жылдардағы патенттер
2012-2026 жылдарға авторлық құқық объектілеріне құқықтарды тіркеу туралы куәлік
Зияткерлік меншік - зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесі және оған теңестірілген заңды тұлғаларды, жеке және заңды тұлғалардың өнімдерін, олармен орындалатын жұмыстар мен қызметтерді (фирмалық атаулар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) дараландыру құралдары. Зияткерлік меншіктің объектісі авторлық құқық пен өнеркәсіптік меншік болып табылады.
Зияткерлік меншіктің басты сипаттамасы меншікті пайдаланудың жеке құқықтарын тек зияткерлік меншіктің иесі, яғни автор ғана шамалай алуында, сонымен қатар, оның рұқсатынсыз зияткерлік меншікті ешқандай бөгде адам пайдалана алмауында.
Зияткерлік меншік нысандары келесі түрлерге бөлінеді: әдебиет, өнер туындылары мен ғылыми еңбектер; фонограммалар жасау, орындаушылық және радиобағдарламасын жүргізу; адам іс-әрекетінің барлық салалары бойынша өнертабыстар; ғылыми жаңалықтар; өнеркәсіп үлгілері; тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және коммерциялық атаулар мен белгілеулер; жосықсыз бәсекелестіктің алдын кесу шаралары.
Зияткерлік меншік қамтиды:
- авторлық құқық,
- патенттік құқық,
- дараландыру құралдары,
- зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес нысандары (интегралдық микросхемалар топологиясы, селекциялық жетістіктер, коммерциялық құпия, өндіріс құпиялары (ноу-хау) және т.б.)
Өнеркәсіптік меншік зияткерлік меншіктің нысаны ретінде өнертабысқа, пайдалы үлгілемелерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атаулар мен тауарлардың шыққан жерлерінің атауына берілген патенттерді қамтиды.
Өнеркәсіптік меншік міндетті түрде белгілі тәртіпте мемлекеттік патенттер тізімдемесіне тіркеледі және патенттің немесе айғақтың болуын талап етеді, зияткерлік меншік тек осындай жағдайда ғана өнеркәсіптік меншік (ноу-хаудан басқасы) дәрежесіне ие болады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік мекемесі (ҰЗМИ) Қазақстан Республикасының патенттік тізімдемесіне сараптама жасайтын ұйым болып табылады.
Авторлық құқық зияткерлік меншіктің нысаны ретінде ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, ЭВМ-ге арналған бағдарламалардан, деректер қорынан, орындаушылықты, фонограммаларды жасауды және телерадиоэфир арқылы хабарлар беруді қамтиды.
Зияткерлік меншіктің мұндай нысандары қосымша тіркеуді талап етпейді. Олардың құқықтары автор оларды жасаған кезде пайда болады.
Өнертабысқа берілген патентті беру өтініші келесі құжаттардан тұруы тиіс:
- инновациялық патентті беру туралы өтініш немесе өнертабыс авторлары немесе инновациялық патент немесе өнертабыс патенті сұратылған тұлғалар көрсетілген патентті беру туралы өтініш, сондай-ақ, олардың тұрғылықты немесе тұрған жері;
- өнертабыстың мамандар білімнің тиісті саласында іске асыру үшін толықтығын, жеткіліктігін ашатын сипаттамасы;
- өнертабыс нысанын және оның маңызын анықтайтын өнертабыс формуласы. Формула түсінікті, толық және сипаттамаға негізделген болуы тиіс;
- өнертабыстың маңызын ұғыну үшін қажетті болған жағдайда сызбалар мен басқа да материалдар;
- реферат;
- өкіл арқылы іс жүргізілген жағдайда сенімхат.
Өтінішке қосымша берілетін құжаттар:
- өтініш беруге ақы төленгенін растайтын құжат.
Өнертабысқа берілген патент түрлері:
- инновациялық патент – әрекет ету мерзімі 3 жыл (тағы 2 жылға созу мүмкіндігі бар);
- патент – әрекет ету мерзімі 20 жыл (тағы 5 жылға созу мүмкіндігі бар).
Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілер мен тауар таңбаларын патенттеу мәселелері бойынша барлық қажетті ақпаратты "ҚР ӘМ ҰЗМИ" ШЖҚ РМК http://www.kazpatent.kz ресми сайтынан табуға болады.
