Қосымша білім беру

Қызмет бағыты

Институт қызметінің басты мақсаты мүдделі тұлғалар үшін біліктілікті арттыру және желіні кеңейту үшін университет факультеттері мен қызметтерін біріктіру мен үйлестіруді көздейтін үздіксіз қосымша білім беру саясатын әзірлеу және жүзеге асыру, қосымша білім беру қызметтерінің сапасын арттыру болып табылады.

 


Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты келесі бағыттар бойынша қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады:

  • Біліктілікті арттыру;
  • Кадрларды кәсіптік қайта даярлау;
  • Қысқа мерзімді курстары;
  • Тренингтер;
  • Семинарлар;
  • Вебинарлар;
  • Дайындық курстары;
  • Тіл курстары.

Университеттің жетекші ғалымдары, профессорлар мен ғылым докторларының жетекшілігімен – оқыту 6 факультет пен Тіл және әдебиет институты, 26 кафедра, университеттің ғылыми зертханалары мен ғылыми орталықтары негізінде, тыңдаушылардың қызығушылығын барынша ескере отырып, икемді оқу жоспары бойынша жүргізіледі.

Біліктілікті арттыру курстары күндізгі және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Оқыту шарттары

Біліктілікті арттыру курстары күндізгі және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы бағыттар бойынша жүзеге асырылады (жоспар-кесте).

Институтта сіздің тапсырыстарыңызға, компания қызметінің белгілі бір саласы бойынша сұранысыңызды есере отырып, біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлейді.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы құжат (сертификат) беріледі.

Біліктілікті арттыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында Сізден алдын ала өтінім беруді сұраймыз. Қабылдау үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Өтінімді толтыру (онлайн);
  2. Тыңдаушының жеке куәлігі (көшірмесі);
  3. Келісім-шарт 2 дана;
  4. Оқу төлемақысы туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.

Байланыс мекен-жайы:

Tel: 8 (7152) 493732 (2080)

e-mail: ippk-skgu.18@mail.ru 

СҚО, Петропавл қ., Пушкин к-сі, 85, 10 оқу ғимараты, 514 каб. 

 

Пікірлер