"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сөздәйектер галереясы

Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады.

Әбу Нәсір әл-Фараби
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу

«Қазіргі заманғы педагогикалық білім беруді дамытудың өзекті үрдістері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2026 жылғы 27 ақпанда Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Педагогикалық факультеті «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ ҮРДІСТЕРІ»  тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Психологиялық-педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері.
  2. Бастауыш, мектепке дейінгі және арнайы білім беруді дамытудың заманауи тенденциялары.
  3. Музыкалық білім беру жүйесіндегі дәстүрлер мен инновациялар және мәдени-ағартушылық орта.
  4. Дене шынықтыру, спорт және бастапқы әскери және технологиялық дайындық (БӘТД) саласындағы инновациялық технологиялар.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысу форматы: офлайн және онлайн (қатысып/қатыспай).

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 86, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті. № 1 Корпус, 115 аудитория.

Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция бағдарламасы


27.02.2026 10:00