Сөздәйектер галереясы
Тіліңмен жүгірме, Біліммен жүгір.
Солтүстік Қазақстан облысының ғылыми-педагогикалық қоғамдастығы конституциялық өзгерістерді қолдайды
Солтүстік Қазақстан облысының ғылыми, шығармашылық және білім беру қауымдастықтары «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалицияға қосылды. Кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Сенат және Мәжіліс депутаттарының, жергілікті атқарушы органдардың, Қозыбаев университетінің басшылығы, қызметкерлері және оқытушылары, сондай-ақ аймақтың ғалымдары және мұғалімдері қатысты.
Жаңартылған Конституция жобасы – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын, негізгі қағидаттар мен ұлттық құндылықтарды жүйелейтін маңызды құжат.
«Конституцияның арқасында біз қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналдық. Бүгінде Қазақстан халықаралық қауымдастықтың құрметті мүшесі болып табылады. Конституцияның кіріспесінде: Қазақстан демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет екені анық көрсетілген. Сондықтан мемлекет әрқашан өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Тіпті жекеменшік университеттер мемлекеттік гранттардың арқасында тегін білім береді. Бізде сақтандыру жүйесі бар және тегін медициналық көмек қолжетімді», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Қозыбаев университеті Солтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз жоғары оқу орны ретінде үлкен мүмкіндіктерге ие.
«Қазіргі таңда біздің оқу ордамыз серпінді және тұрақты тұрде дамып келеді. Петропавл қаласы өңірдің сенімді академиялық орталығы ретінде қалыптасып келеді. Бізде Қазақстанның барлық өңірлерінен және 17 елден студенттер білім алады. Аризона университетімен стратегиялық серіктестігіміздің маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл қаласы 1200-ден астам студентке әлемдік деңгейдегі білім мен бірігей мүмкіндіктерді ұсынып отыр», - деп атап өтті Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Ербол Исақаев.
Бұл құжат азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара сенімнің, жауапкершіліктің және серіктестіктің айқын көрінісі. Конституцияда бекітілген қағидаттар қоғамның бірлігін нығайтып, әр адамның құқығы мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған
