Оның шығармашылық феномені– уақытты болжай білу

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Крылова Людмила Анатольевна 1953 жылы 1 ақпанда Петропавл қаласында дүниеге келді. Мектепті бітірген соң К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтына оқуға түседі. Людмила Анатольевнаның бүкіл саналы өмірі туған өлкесімен байланысты.  Педагогикалық қызметін ол №35 Петропавл мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі қызметінен бастайды. 1974 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғап шығады. Кейін Петропавл педагогикалық институтында еңбек жолын жалғастырады. Мектеп пен ЖОО-да тәжіребесін жинақтап, 2001 жылы әдебиетті оқыту әдістемесі бойынша докторлық диссертациясын қорғайды, оған профессор атағы да беріледі. Людмила Анатольевна облыстағы бірініші болып табылатын жаңа типті мектепте үздіксіз гуманитарлық білім беру тұжырымдамасының әзірлеушісі-авторы: Бірінші гимназия және «Искорка» балабақшасы негізінде құрылған мектепке дейінгі гимназияда проблемалық оқыту әдіснамасын апробациялау және гуманитарлық пәндердің тнновациялық бағдарламалары жөніндегі лабораторияны басқарады. 20 жылдан астам гимназияда, бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған, Л.А. Крылованың авторлық курстары жүргізіледі: бастауыш сыныптарға арналған «Художественное созерцание текста» және жоғары сыныптарға арналған «Современный литературный процесс». 

Көптеген зерттеу жұмыстарында, ғылыми мақалалары, құралдары мен монографияларында Людмила Анатольевна мектепте әдебиетті оқытудың мәдениеттанушылық, онтологиялық, құндылықтық-көзқарастық аспектілері мазмұнының ерекшеліктерін көрсетеді. Ғалым әдебиетке оқу пәні ретінде қызығушылық тудыру мәселесін оқушылардың тарих пен мәдениет, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды игеру контексінде қарастырады. Әдебиетті оқытудың философиялық концепциясы символика, ахетип саласын мәдениет аясында зерттеу арқылы жүзеге асырылып, көркем мәтінін мәдени ғарыш ретінде талдауға бағытталған. 

Мұғалім шеберлігінің феномені, профессор Крылованың айтуынша, оқушыларды қайрымдылық пен шығармашылыққа тарта білу, әдебиет сабағы диалог ретінде қабылдануы тиіс. Әдебиеттанушылық диалог теориясын әзірлеп, оның классификациясын ұсынады: дискуссиялық диалог, эмпатикалық диалог, интеграцияланған полилог- зерттеу.

40 жылдан астам Крылова Л.А. педагогика мен әдебиетке беріліп, жоғары және орта мектептің сабақтастығын қамтамасыз ету үстінде. Оның оқыту шеберлігі – эстетика мәдениетінің жоғары дәрежесі, шеберлігі мен шығармашылығын жетілдіруге деген рухани қажеттілігі, стереотиптерді үнемі жеңіп отыруы. Сондықтан көркем мәтінді интерпретациялаудың авторлық әдістемесінде көп жаңалықтар: мектепте әдебиетті оқытудың мәдениеттанушылық аспектісі; орыс классикасы контексіндегі әлем бейнесі;пейзаждың ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеті элементі ретінде қабылдау. Болмыс мәселесі контексінде оқушылардың адамгершілік көзқарастары мен экологиялық мәдениетінің құндылық негіздерін қалыптастыру: «адам және эволюция», «адам және әлем дүниесі», «адам және ноосфера»; мәдениет диалогында архетипті игеру; орыс классикасын тарихи-мәдени талдау; лингвопоэтиканы және көркем мәтінінің семантикалық кеңістігін және т.б.зерттеу.

Ғылыми зерттеулердің салалары – көркем шығарманы талдаудың заманауи технологиялары: онтологиялық, семиотикалық, мотивдік, дискурстік, нарратологиялық, аксиологиялық және т. б.

Мәтіндегі көркем әлемінің эстетикалық бірлігін көп деңгейлі ұйымдастыру аналитикасы ғылыми ізденісті ынталандырып қана қоймайды, сонымен қатар оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыратын әдеби шығармашылығының күрделі дидактикалық мәселелерін шешу көзі болып табылады. Сонымен, Крылова Людмила Анатольевнаның әдістемелік жүйесі бойынша, шығарма – туындыны терең оқудың өнімді, шығармашылық әдісі. Ғалымның әзірлеген шығармалардың тақырыптары мен жанрлары жаңалығы және өзектілігімен ерекшеленеді. Олар әдебиетті оқыту саласында жаңалық болып табылады.

Людмила Анатольевна – жоғары және орта мектепке арналған 20-дан астам элективтік курстардың авторы. Оның ғылыми мақалалары Англия, Чехия, Петербург, Мәскеу, Алматы, Орал және т.б. жарияланады. Крылова Людмила Анатольевнаның есімі «Солтүстік Қазақстан облысы» энциклопедиясына енгізіліген (2004 ж.). Ол «ҚазКСР халық ағарту үздігі» (1986 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылым дамытқаны үшін» (2007 ж.), «Үлкен алтын медаль» (2013 ж.) төс белгілерімен марапатталған.

Медведева Е.А.,

Петропавл қ. Бірінші гимназиясының

 жоғары санаттағы мұғалімі