Өзін – өзі анықтау және дербестік - тиімді оқыту мен табысты кәсіби қызметтің кілті (2014)

2014 жылдың 10-14 қараша аралығында дәстүрлі Сапа апталығы "Өзін-өзі анықтау және дербестік - тиімді оқыту мен табысты кәсіби қызметтің кілті" (бағдарлама) атты жалпы тақырыпта өтті. Бұл корпоративтік іс-шараның негізгі мәселесі білім алушылардың өзіндік жұмысының инновациялық формалары мен технологиялары, білім алушылардың өзіндік жұмысының тиімділігін бақылау және нәтижелерін бағалау, студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысының табыстылық шарттары, өздігінен білім беру қызметін дамыту, кәсіби өзін-өзі анықтау мен мансаптық өсуді жандандыру тәсілдері, студенттер мен оқытушылардың жеке өздік ұйымдасуын дамыту принциптері мен әдістері, бірінші курс студенттерін бейімдеу мәселелері болды.

Кафедралар мен факультеттерде 12 дөңгелек үстел, 10 ашық сабақ, 7 ғылыми-практикалық семинар, 2 кураторлық сағат, көрме, дебаттар, студенттік конференция, іскерлік ойын, студенттерге арналған тренинг, студенттердің, магистранттардың және ПОҚ қатысуымен эссе байқауы өткізілді.