Ғылыми-технологиялық парк

2014 жылғы 20 қаңтарда университеттің ғылыми және ғылыми-зерттеу орталықтары мен  зертханаларының негізінде ғылыми-технологиялық саябақ құрылды. 

Ғылыми-технологиялық саябақтың қызметі инновациялық орта қалыптастыруға, елдің ғылыми-технологиялық даму басымдықтарына сай болашағы бар әзірлемелер енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасау және жобаларды жүзеге асыру үшін университеттің ғылыми әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған.

Саябақ құрамына 5 оқу-ғылыми орталық:

  1. Аймақтық су орталығы
  2. Экологиялық зерттеулердің ғылыми-білім беру орталығы
  3. Оқу-ғылыми-консалтингтік орталық
  4. Астрофизикалық зерттеулер орталығы
  5. Нақты егіншілік және геоақпараттық жүйелер орталығы

пен 11 ғылыми-зерттеу зертханасы кіреді:

  1. Роботты техника, микроэлектроника және энергоэкология бойынша инженерлік лаборатория
  2. Өсімдік және биологиялық белсенді қоспалар химиясы лабораториясы
  3. Биологиялық химия лабораториясы
  4. Органикалық синтез лабораториясы
  5. Зерттеудің физика-химиялық әдістері лабораториясы
  6. «Әлеуметтік-экономикалық үдерістерді математикалық үлгілеу» лабораториясы
  7. Функционалдық бейімдеудің ғылыми-зерттеу лабораториясы
  8. Жаңа биопрепараттар лабораториясы
  9. «Роботты техника жүйелерін математикалық үлгілеу және жобалау» лабораториясы
  10. «Педагогикалық инновациялық зертхана» оқу-ғылыми лабораториясы
  11. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің инновациялық технологияларының оқу-ғылыми лабораториясы