"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Ғылыми мектептер және зертханалар

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ғылыми мектептер, ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар жұмыс істейді.

Олардың қызметі инновациялық ортаны қалыптастыруға, жобаларды жүзеге асыру үшін университеттің ғылыми әлеуетін тиімді пайдалануға және елдің ғылыми-техникалық дамуының басымдықтарына сәйкес перспективалық әзірлемелерді жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Мектептер:

  1. Өндірістік процестерді автоматтандыру. Қашықтықтан бақылаудың интеллектуалды жүйелерін дамыту. Деректерді жинауды сымсыз бақылау. (В.П. Ивель, т. ғ. д.).
  2. Бөлшектердің қалпына келтірілетін беттерінің физика-механикалық қасиеттерін плазмалық технологиялармен арттыру (В.В. Савинкин, т. ғ. к.).
  3. ХХІ ғасырдың қоғамдық ойы (З.С. Тайшыбай, ф.ғ. к.).
  4. Агроэффект. Аграрлық экономика және АӨК экономикасы.  (В.Н. Сиволап, а. ш. ғ. д.).
  5. Егістік дақылдарының сорттарын сынау (А.С. Шаяхметова, а.ш.ғ.к.).
  6. Ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық және өнімділік қасиеттерін арттыру. (К.Н. Баязитова, а.ш.ғ.к.).

Зертханалар:

  1. Зерттеудің физика-химиялық әдістері лабораториясы (жетекшісі Дюрягина Антонина Николаевна, х.ғ.к., доцент) металды құрылмаларды тотығудан қорғаушы қорғаныс, полиметалдық шикізатты өңдеудің гидрометаллургиялық технологиялары саласындағы зерттеулермен айналысады. Жабдықтардың тізімі.
  2. Өсімдік және биологиялық белсенді қоспалар химиясы лабораториясы (жетекшісі Мещанова Анна Геннадьевна, докторант) СҚО дәрілік өсімдіктерінен дәрілер жасау және қолдану саласында зерттеу жүргізеді.
  3. Органикалық синтез лабораториясы (жетекшісі Яневич Алёна Вадимовна, магистр) жаңа биотехнологиялық өнімдер әзірлеумен айналысады. Жабдықтардың тізімі.
  4. Биологиялық химия лабораториясы (жетекшісі Мокшин Дмитрий Сергеевич, магистр) Солтүстік Қазақстан флорасының химиялық құрамын зерттеу және соның негізінде тиімді, экологиялық таза дәрі-дәрмектер жасау бойынша зерттеулер жүргізеді. Жабдықтардың тізімі.
  5. Жаңа биопрепараттар лабораториясы (жетекшісі Зверяченко Тимур Сергеевич фарм.ғ.к.) антибиотикке шыдамды өкпе туберкулезіне және бактерия бөлуге қарсы дәрілік препараттарды жасау саласындағы зерттеулермен айналысады.
  6. Роботты техника, микроэлектроника және энергоэкология бойынша инженерлік лаборатория (жетекшісі Кашевкин Александр Александрович, PhD докторы) өлшеулерді автоматтандыру, бақылау және сынау технологияларын әзірлеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырады.
  7. "Роботты техника жүйелерін математикалық үлгілеу және жобалау" лабораториясы (жетекшісі Ивель Виктор Петрович, т.ғ.д., доцент) суасты роботтытехникалық кешендерді басқарудың бейімделме жүйелерін әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысады.
  8. Нанотехнологиялар зертханасы(жетекшісі Сартин Сергей Александрович, ф.-м.ғ. к.) сканерлейтін зондты микроскопты пайдалана отырып, наноөлшемді режимде әр түрлі материалдардың беттерін зерттеумен айналысады.