5В010900 "Математика мамандығының оқұ нәтижелері

Осы модульдік білім беру бағдарламасының бітірушісіне 5В010900 «Математика» мамандығы бойынша «Білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Білім бакалаврлары келесі негізгі құзыреттерді меңгереді:

1) ана тілі саласында

  • жазбаша және ауызша түрде (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) математика саласында ұғымдар, ой-тұжырымдар, сезімдер, деректер және пікірлерді түсінуге және білдіруге, сонымен қатар оқу кезінде, жұмыста, үйде және бос уақытта түрлі қоғамдық әрі мәдени контексте тиісті лингвистикалық және шығармашылық қарым-қатынас құруға қабілетті.

2) шет тілдері саласында

  • ағылшын тілінде коммуникацияның негізгі дағдыларын меңгереді: математика саласындағы ұғымдар, деректер және пікірлердің тиісті әлеуметтік және мәдени контексінде жазбаша және ауызша түрде (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) түсінуге, білдіруге және түсіндіруге қабілетті. Медиация және мәдениаралық ұғыну дағдыларына ие.

3) Іргелі математикалық, жаратылысғылыми  және техникалық дайындық

  • жоғары мектепте математикалық, жаратылысғылыми, техникалық  пәндерді оқу барысында алған білімдік әлеует, тәжірибе және тұлғалық қабілеттерді қолдануға,  кәсіби міндеттерді шешу әдістерін,  математикалық және жаратылысғылыми ойлаудың дамуын анықтау, бақылау, бағалауға қабілетті және дайын.

4) компьютерлік

  • жұмыс, бос уақыт және коммуникация үшін қазіргі ақпараттық технологияларды сенімді әрі сыни қолдануға қабілетті, әрі компьютер, қарым-қатынас және қызмет құратын желілерде Ғаламтор арқылы кәсіби қызмет саласында ақпаратты қолдану, орнына келтіру, бағалау, сақтау, өндіру, көрсету және алмасу дағдыларын меңгереді.

5) оқу

  • ой-өрісі кең және мәдени тұрғыда ойлайтын жоғары білімді тұлғаны қалыптастыратын математикалық пәндер (ғылымдар) саласындағы базалық білімді меңгереді; үнемі оқудың қажет екенін сезінеді, қолжетімді мүмкіндіктерді таба алады; оқуға ұмтылады және тапжылмай оқуды жалғастыруға қабілетті.

6) әлеуметтік

  • қоғамдық пікір, салт-дәстүр, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі және өзінің кәсіби ісінде соларға бағдарлана алады;
  • Қазақстан халқының мәдениетін біледі және олардың салт-дәстүрлерін сақтайды;
  • Қазақстанның құқықтық жүйе және заңнама негізін біледі және сақтайды;
  • қоғамның әлеуметтік даму беталысын біледі;
  • түрлі әлеуметтік оқиғаларда адекватты түрде бағыт таба біледі;
  • компромисс таба біледі және ұжымның пікірімен өз пікірін салыстыра біледі;
  • іскерлік этика нормалары, мінез-қылықтың этикалық және құқықтық нормаларын меңгереді;
  • кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады;
  • командада жұмыс істеуге, өз көзқарасын сыпайы түрде дәлелдеуге, жаңа шешімдер ұсынуға қабілетті.
  • белсенді өмір позициясын түсінеді және жүргізе алады, басқа жеке тұлғаларға қатысты өздігінен өз мінез-қылығын реттей алады, топта,  ұжымда оларға ешбір зиян келтірмей және нормативтік регламент аясында лидерлікке ұмтылады.

7) экономикалық және басқарушылық

  • экономиканың мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдіс-тәсілдерін, мемлекеттік сектордың экономикадағы рөлін біледі және түсінеді;
  • экономикалық білім негіздерін меңгереді, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б. туралы ғылыми көзқарасы бар;
  • сыни тұрғыдан ойлау, бақылауға қажетті дағдылары, талғап-талдап түсіндіру, талдау, қорытынды шығару, баға беру қабілеттеріне ие;
  • креативтілік (шығармашылық) қабілеттері бар: бір аспектіден екіншісіне көшу, жалпыға мәлім, қарапайым, бұрыннан белгілі не бұрыннан бекітілгендерден өзгеше идеялар ұсыну, мәселенің түпкі мәнін көре білу, стереотиптерге қарсы тұру.

Білім бакалаврлары  5В010901 «Математика және информатика» білім беру траекториясының білім беру бағдарламасы бойынша келесі арнайы құзыреттерін меңгереді.