Зияткерлік бейнебақылау жүйесі

Жетекшісі: С.А. Сартин, ф.-м. ғ. к.

2015 жылғы шілдеде ONLINE EXPO-2017 халықаралық конкурсына өтінім берілді, 2015 жылғы қыркүйекте ТДҰА АҚ технологияларды коммерцияландыруға 5 млн.теңге сомаға өтінім жіберілді. 2015 жылдың қараша айында өтінім технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды ұсыну ережелерінің талаптарына сәйкестігін тексеруден өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаменті ММ-мен ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы туралы шарт жасалды.

Ұсынылатын бағдарламалық қамтамасыз ету қолданыстағы зияткерлік бейнебақылау жүйелерімен салыстырғанда 2 есе арзан. Бейнебақылау жүйесін роботтандыру аймақтық режимнің бұзылуын тіркеуді орта есеппен 35% - ға арттырады.

 

Осы жүйені ІІД органдары мен күзет ұйымдарында енгізу көзделіп отыр.

Бағдарламалық өнімді өңдеу және интуитивті түсінікті интерфейсті алу үшін кемінде 1,5 жыл қажет.