2025 жылғы 28 тамызда 2 корпустың конференц-залында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған маңызды іс-шара өтті. Дөңгелек үстел әрі қарай оқу
Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
Факультеттер жаңалықтары
2025 жылғы 30 маусымда Тарих, экономика және құқық факультетінде осы оқу жылында факультет кеңесінің қорытынды отырысы өткізілді. Кеңесте факультет жұ әрі қарай оқу
2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті әрі қарай оқу
«Экономика» ББ түлегі Айкенов Тамерланды жоғары спорттық жетістіктерімен құттықтаймыз! 2025 жылдың сәуірінде Тамерлан Марракештің 2025 параолимпиадал әрі қарай оқу
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің медицина факультетінде Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шаран әрі қарай оқу
28 - 30 мамыр 2025ж. бірлескен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті Қоғамдық денсаулық және гигиена орталығының (Үндістан), Мидланд (Зимб әрі қарай оқу
2025 жылғы 19 мамыр Агротехнологиялық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары дәнді дақылдарды селекциялау бойынша ғылыми-тәжі әрі қарай оқу
Халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу – жастарды ғылыми қызметке тарту және біздің факультеттің ғылыми әлеуетін дамытудың тағы бір ынталандыр әрі қарай оқу
Медицина факультетінде бітіруші курс студенттерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау басталды. Бұл маңызды және көптен күткен кезең болашақ дәрігерлерд әрі қарай оқу
Әскери кафедраға түсу ережелері
Әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 наурыздағы № 160 Қаулысы негізінде құрылды.
Әскери кафедра ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі №375 бұйрығымен бекітілген «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлау қағидаларына» сәйкес запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын конкурстық іріктеуді өткізеді.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау өтеусіз (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) және ақылы негізде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша – ақылы негізде ҚК-нің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жұмылдыру қажеттілігін негізге ала отырып, ҚР ҚМ қабылдау жоспарына, сондай-ақ әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігіне сәйкес жүргізіледі.
Ақылы негіздегі әскери дайындық үшін оқыту құнын ЖЖОКБҰ айқындайды.
Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары – ЖЖОКБҰ-да күндізгі оқыту нысаны бойынша оқитын студенттер жіберіледі.
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Мерзімді қызмет өткерген студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін өтеусіз негізде (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) конкурстан тыс әскери даярлауға жіберіледі.
Іріктеу комиссиясы әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес конкурс негізінде жүргізеді.
Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент нысан бойынша өтінішті және конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды тапсырады:
- Әскери кафедра басшысының атына өтініш;
- Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- 3х4 өлшемді 4 фотосурет;
- Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
- Факультетті және мамандығын көрсете отырып, ЖЖОКБҰ-да нақты оқитыны туралы анықтама;
- Файл (мультифор) – 1 дана.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери кафедра студентке құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат және медициналық куәләндіру картасын (7-нысан) береді.
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу үшін конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:
1. Бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес медициналық куәландырудан өту;
Студенттерді медициналық куәландыру қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі.
Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.
2. Екінші кезең - кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ЖЖОКБҰ-ның компьютерлік сыныптарында өткізіледі және ерік-жігері, күйзеліске төзімділік, сыни және қисынды ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.
3. Үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
Студенттердің дене шынықтыру дайындығы дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижесімен бағаланады. Үш нормативті тапсыру жиынтығы бойынша 9 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.
Дене шынықтыру бойынша нормативтер
Студент-ер балалар үшін |
||||
№ р/с |
Бақылау жаттығулары |
Балл |
||
«5» |
«4» |
«3» |
||
1 |
100 м (с) жүгіру |
14,2 |
14,5 |
15,0 |
2 |
3000 м (мин) жүгіру |
13,00 |
15,00 |
16,00 |
3 |
Биік белтемірде тартылу (саны) |
12 |
10 |
8 |
Студент-қыздар үшін |
||||
№ р/с |
Бақылау жаттығулары |
Балл |
||
«5» |
«4» |
«3» |
||
1 |
100 м (с) жүгіру |
16,0 |
16,5 |
17,0 |
2 |
2000 м (мин) жүгіру |
10,00 |
11,3 |
12,2 |
3 |
Шалқасынан жатқан күйде қолын желкесіне |
25 |
20 |
15 |
4. Төртінші кезең - ЖЖОКБҰ-ның басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген студент келесі кезеңге жіберілмейді.
Әскери кафедраға оқуға қабылданған студенттер әскерге шақыру бойынша әскери қызметке әлеуетті кандидаттар болып табылады.
Қосымша ақпарат: № 7 оқу корпусы және тел. 8(7152)36-94-56 ішкі 1123, 87470528094