7M01401 Дене шынықтыру және спорт

Педагогикалық факультеті → "Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедрасы

Академиялық дәреже:

  • негізгі бағыт бойынша – 7M01401 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім магистрі;
  • ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - 7M01401 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызмет саласы:

  • дене шынықтыру және дене тәрбиесі мұғалімі негізінде  білім, тәрбие, спорт және сауықтыру жұмыстары өткізу;
  • спорт түрлері бойынша жаттықтырушы негізінде мектепке дейінгі және білім беру орындарында әр түрлі топтарда іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
  • жаттықтыру үрдісін ғылыми-көрнекілік құралдарымен реабилитация және жаттықтыру әдістерімен қамтамасыз ету;
  • білім беру орындарында дене шынықтыру және спорттық жарыстарда өткізу және төреліп ету.

Кәсіби қызмет нысандары:

  • ЖОО, колледждердің дене тәрбие кафедралары;
  • жеке коммерциялық және мемлекеттік ұйымдар: департаменттер, комитеттер, дене шынықтыру және спорт басқармасы, фирмалар, БЖСМ, спорт-мектептері;
  • ғылыми – зерттеу орындары: академиялар, институттар, зертханалар.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • педагогикалық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • білім беру;
  • ұйымдастыру-басқару;
  • мәдени-ағартушылық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:  

  • педагогикалық үрдісті сапалы ұйымдастыру және басқару;
  • «Дене шынықтыру және спорт» пен таңдалған  спорт түрінде жаңашыл; педагогикалық және биологиялық технологияларды белсенді қолдану;
  • білім алушылардың өзін-өзі дамытуын, жан-жақты ашылуына мүмкіндік жасау;
  • қазіргі заман талабына сәйкес ғылыми-зертеушілік, кәсіби іс-шараларды қолдану.