Көрнекті ғалым мен басқарушыға жарқын естелік

2020 жылдың 8 маусымында Виктор Петрович Гусаков өмірден өтті.

Виктор Петрович еңбегін (еңбек жолын) Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға және жетілдіруге арнады.

Университет тұлғалары: Виктор Петрович Гусаков

1969 ж. "Физика" мамандығы бойынша Петропавл педагогикалық институтын бітіргеннен кейін В.П. Гусаков КСРО ҒА А.А. Байков атындағы металлургия институтының аспирантурасына Мәскеу қаласына жіберілді. Диссертацияны қорғап, 1977 жылы Петропавл педагогикалық институтының физика кафедрасына оралды. 1980 жылы В.П. Гусаковқа доцент ғылыми атағы берілді. 1995 жылы Ғылыми кеңестің шешімімен оған М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры академиялық атағы берілді.

1982 жылдан 1984 жылға дейін физика кафедрасын басқарды, ал 1984 жылдан 2002 жылға дейін физика-математика факультетінің деканы болды. 2002 жылдан 2009 жылға дейін университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, ал 2009 жылдан 2014 жылға дейін "Физика" кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2017 жылға дейін меңгеруші қызметін атқарған. "Физика" кафедрасының профессоры болды.

Факультет деканы, оқу ісі жөніндегі проректор В.П. Гусаков білікті маман, ұйымдастырушылық қабілетімен қатар, өз жұмысына шығармашылық көзқарасымен қарады. Ол жұмысты жігерлікпен, батылдықпен істеді, сонымен қатар студенттер мен әріптестермен қарым-қатынаста әрқашан әділдік танытатын.

Оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару үшін В.П. Гусаковтың басшылығымен оқу порталы және электрондық ректорат әзірленді және енгізілді, оның қатысуымен оқу бөлімі айтарлықтай қайта жаңартылды – оқу-әдістемелік, оқу-инновациялық және диспетчерлік қызмет құрылды, ҚР-да "Оқушылардың виртуалды академиясы" ашылды, сапа менеджменті орталығы ұйымдастырылды.

Профессор В.П. Гусаков жалпы және теориялық физика курсы бойынша дәріс оқыды, оның жетекшілігімен көптеген дипломдық жұмыстар, магистрлік және кандидаттық диссертациялар қорғалды.

В.П. Гусаков 170-тен астам ғылыми жұмыс жазды, республикада да, шетелде де ғылыми және ғылыми-әдістемелік конференциялардың тұрақты қатысушысы болды.

1978 жылдан 1990 жылға дейін оның басшылығымен шаруашылық келісім негізінде Петропавл машина жасау зауыттары үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының кешені жасалды.

2004 жылдан 2008 жылға дейін ол жоғары білім сапасын басқару және мониторинг жүйесін автоматтандырумен байланысты ҚР БҒМ гранттары бойынша ғылыми-зерттеу тақырыптарын орындауға белсенді қатысты.

В.П. Гусаков әрдайым өз әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға шығармашылық белсенділіктің, жоғары жұмыс қабілеттіліктің және ұйымшылдықтың үлгісін көрсете білді.

Адал еңбегі үшін Виктор Петрович Қазақ ССР Ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен (1987 ж.), "Қаз ССР халық ағарту ісінің үздігі" белгісімен (1991 ж.) ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2001 ж.), "Білім берудің құрметті қызметкері" белгісімен (2006 ж.), "Ы. Алтынсарин" кеуде белгісімен (2017 ж.). марапатталды.

Университет ұжымы Виктор Петровичтің жоғары кәсібилігін, оның ерекше жұмысқа қабілеттілігін, өзіне және басқаларға деген талапшылдығын, сондай-ақ жан-жақтылығын, жеке ықыласын және адамды әрдайым түсінуге және оған көмек көрсетуге дайындығын мәңгі есте сақтайды.

Университет ұжымы Виктор Петровичтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

09.06.2020