Мультимедийный электронный учебник от издательства «Эпиграф»

3 маусым күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кітапхана қызметкерлері мен оқытушылары үшін ЖОО білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу мақсатында «Эпиграф» баспасының мультимедиялық электрондық оқулықтары бойынша презентация өтті.

«Эпиграф» баспасының мультимедиялық оқулығы - бұл Қазақстанда шығарылған оқулықтардың жаңа буыны.

Мультимедиялық оқулық құрамында:

-  мәтіндік материал – іздеу және навигация мүмкіндігімен электронды түрде ұсынылған оқулықтың негізгі материалы, сондай-ақ анимацияланған кестелер мен графиктер

-  автор виртуалды сандық тұсаукесердің белсенді қатысушысы болып табылатын оқулық материалына негізделген бейне-дәрістер;

-  анимациялар-статикалық, динамикалық 2d және 3d анимациялар, сондай-ақ интерактивті анимациялар және виртуалды зертханалар;

-  өзін-өзі бақылауға арналған тесттер - интерактивті беттер түрінде құрылған тесттер

-  жағдайлардың шешімі.      

03.06.2020