2020 жылға ректор грантын тағайындау үшін жас ғалымдарға арналған ғылыми жобалар конкурсы жарияланды

Құрметті жас ғалымдар!

2020 жылға ректор грантын тағайындау жөніндегі конкурс жарияланды.

Байқауға 35 жасқа дейінгі оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатыса алады.

2020 жылға бөлінетін гранттар саны - 5, әрқайсысы 150 000 (жүз елу мың) теңгеден.

Өтінімдер электрондық және қағаз түрінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ның Ғылым департаментінде 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады. (№2 ОК, 203 ауд.).

Байқау комиссиясына қатысушылардың жобаларын таныстыру 2020 жылдың 15 мамырында болады. Өтінім нысаны мен жобаны бағалау критерийлері Ережеде қоса беріледі.

13.03.2020