М. Қозыбаев атындағы СҚМУ алғашқы көктемгі сенбілік

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымы сөзбе-сөз емес, іс жүзінде студенттік қалашықтың тазалығын қолдайды.  Университет кампусын былтырғы жапырақтар мен қоқыстардан тазарту үшін 2019 жылдың 4 мамыр күні ЖОО басшылығы, оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылар шықты.

Оқу ордамыздың алаңдарын жинауға ректордан студентке дейін ниет білдірді. Әр факультет өз корпусын, сондай-ақ бассейн, обсерватория, денсаулық сақтау пункті мен М. Жұмабаев гүлзары маңын қоқыстан тазартты.  Көктемгі ауа райы барша жиналғандарға тамаша көңіл-күймен абаттандыру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік берді.

Таза сенбілікке барлығы 2000 адам ат салысты.

04.05.2019