Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі

"Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жайлы және қауіпсіз өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты" - деп Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген. Осыған байланысты Президент білім беру, ғылым және денсаулық сақтау шығыстарын ЖІӨ-нің 10% - ға дейін 5 жыл ішінде ұлғайту жөнінде міндет қойды. Сонымен қатар, оқу орындарында дайындық сапасына қойылатын талаптар арттырылатын болады. Бұл сапаны бағалаудың негізгі критерийлері – оқуды бітіргеннен кейін түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіштері, оларды жоғары ақы төленетін жұмысқа орналастыру болады. Дәл осындай тәсіл білім беру қызметтері нарығында білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарының ғана қатысуын қамтамасыз етеді.

Соңғы жылдары М. Қозыбаев атындағы СҚМУ мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз етуде үлкен серпіліс жасады. Университетте сапаны Ішкі қамтамасыз ету саясаты мен стандарттары, академиялық саясат, кадрлық саясат, Академиялық адалдық ережелері әзірленіп, табысты жүзеге асырылуда. Университет ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасы мен сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің тиімділігі сыртқы бағалау процедуралары мен білім беру рейтингтерінің нәтижелерімен жүйелі түрде расталады. Қазіргі таңда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың барлық білім беру бағдарламалары 2018 жылы жаңадан ашылғандардан басқа, сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінде аккредитациядан өтті. Университеттің сегіз техникалық білім беру бағдарламасы сапасының растамасы инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика (ASIIN) саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі неміс агенттігінің Аккредитациясының бар болуы. (http://www.nkzu.kz/page/view?id=347 ).

2018 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (НААР) топ-20 бас рейтингісінде 13 орын алып, "Жаратылыстану ғылымдары" және "Ауыл шаруашылық ғылымдары" санаттарында мамандар даярлау бағыттары бойынша үздік 10-ға енді.

Осы жылы университеттің білім беру бағдарламалары бизнестен жоғары бағаға ие болды. 2018 жылдың маусым айында жарияланған "Атамекен" ҰКП рейтингіне сәйкес, ЖОО-ның 19 мамандығы жүлделі орындарға ие болды. "Радиотехника, электроника және телекоммуникация", "Журналистика", "Машина жасау", "Аспап жасау", "Агрономия", "Шет тілі: екі шет тілі", "Информатика (білім беру)", "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы", "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" бағдарламалары бойынша бірінші орынға ие болды. Екінші орын "Электр энергетикасы", "Стандарттау және сертификаттау", "Биология (жаралтылыстану)", "Туризм". Үшінші орын-" Қаржы және несие", "Есеп және аудит", "Мәдени-бос уақыт жұмысы", "Аударма ісі", "Заңтану" (http://www.nkzu.kz/news/view?id=6989, http://www.nkzu.kz/news/view?id=7137 ).

"Атамекен" ҰКП рейтингінің критерийлеріне сәйкес, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері мен олардың жалақысы бағалаудың маңызды бөлігі болды. Рейтинг талдауы осы көрсеткіштер бойынша біздің университеттің үлкен артықшылықтары бар екенін көрсетті. Біздің ЖОО түлектері бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейді. Жыл сайын Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де беделді және жоғары еңбекақы алатын түлектер саны артып келеді.

Университет тәжірибесі мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін таңдалған бағыттар білім берудің сапалы деңгейін өзгертуге, қызметтің тиімділігін арттыруға, тұтынушылардың қанағаттанушылығының өсуіне, университеттің беделі мен бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал ететінін көрсетеді.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген бағыттарды университет ұжымы еліміздің болашақ ұрпағын сапалы дайындауға өз үлесін арттыру үшін алдағы іс-қимыл бағдарламасы ретінде қабылдайды.

Погребицкая Марина Владимировна,

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ стратегия, сапа және интернационалдандыру департаментінің директоры

 

06.10.2018