М. Қозыбаев атындағы СҚМУ –дың білім беру бағдарламалары тағы бір мәрте жоғарғы рейтингке ие болды

2018 жылдың 3-ші қазанында білім беру бағдарламасының екінші кезеңінің рейтинг нәтижелері белгілі болды. Екінші кезеңнің міндеті - білім беру бағдарламаларының мазмұнындағы айырмашылықтарды бағалау және талдау болды. Барлығы 31 мамандық бағаланып, талданды. Бағдарламаны бағалау бойынша негізгі сарапшылар бизнес-ортаның өкілдері болды. Рейтинг түлектердің жұмысқа орналасу критерийлеріне, орташа жалақыға, бағдарламалардың өзектілігін бағалауға және бітіруші сауалнама нәтижелеріне сәйкес жүргізілді. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дан рейтингке 13 мамандық қатысқан болатын, олардың 11-і жүлделі орындарға ие болды:

  • Агрономия – 15-тен 1
  • Шет тілі: екі шет тілі – 55-тен 1
  • Информатика (білім беру) – 33-тен 1
  • Қазақ тілі мен әдебиеті – 51-ден 1
  • Азық-түлік өнімдерінің технологиясы – 15-тен 1
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 15-ден 1
  • Биология(жаратылыстану) – 22-ден 2
  • Туризм – 42-ден 2
  • Мәдени-тынығу жұмысы – 9-дан 3
  • Аударма ісі – 40-тан 3
  • Заңтану – 64-тен 3
  • Информатика (жаратылыстану) – 35-тен 10
  • Экология 40-тан 22

ЖОО рейтингі – ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен БҒМ ҚР бірлесіп жасаған жұмысы. Білім беру бағдарламаларының рейтингінің негізгі мақсаты білім беру бағдарламасының кәсіби стандарттар мен еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін анықтау болып табылады.

ЖОО оқу бағдарламалар рейтингісі (2018 жылдың қыркүйек айына)

04.10.2018