Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

2025 жылға арналған қабылдау жоспары шеңберінде запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша әскери кафедраларға қосымша қабылдау өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 2025 жылғы қабылдау жоспары аясында әскери кафедраларда запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша тек ақылы негізде қосымша қабылдау жүргізу туралы шешім қабылдады.

Іріктеу комиссиясының жұмысы 2025 жылғы 4 қарашада басталады.

Студенттерге төмендегі ақпаратты жеткізулеріңізді сұраймыз: 

Ақпан–мамыр 2025 жылы өтініш берген және әскери кафедрада оқуға іріктеуге қатысқысы келетін студенттер:

- медициналық тексеруден өту және тексеру картасын алу үшін әскери кафедраға келу қажет. 

Бұған дейін өтініш бермеген, бірақ әскери кафедрада оқуға іріктеуге қатысқысы келетін студенттер:

- құжаттарын тапсыру үшін әскери кафедраға келуі тиіс.

Оқу бағдарламалары бойынша құжат қабылдау тәртібі:

Офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша құжаттар 4 жылдық оқудағы 2-курс және 5 жылдық оқудағы 3-курс студенттерінен қабылданады.

Сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша құжаттар 2 және 3 курс студенттерінен қабылданады.

Колледжді бітіріп, университеттің 2-курсына түскен студенттер де іріктеуге қатыса алады. 

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесі:

  1. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  2. Көлемі 3х4 сантиметр фотосурет – 4 дана;
  3. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама (eGov порталы арқылы);
  4. Факультетті және мамандығын көрсете отырып, ЖЖОКБҰ-да нақты оқитыны туралы анықтама. 

Өтініштерді қабылдау мерзімі 2025 жылғы 9, 10, 13, 14, 15 қазан сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00–14:00) 7-оқу ғимаратында (әскери кафедра).

 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕН ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!!!

09.10.2025