"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.

Қажым Жұмалиев

Әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы

М. Қозыбаев атындағы "СҚУ" КЕАҚ бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  • Инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің деканы-1 бірлік.

Лауазымға қойылатын талаптар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, философия докторы PhD немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің немесе дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі факультеттің/Департаменттің/бөлімнің даму стратегиясы.

Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

5) "денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

7) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі факультеттің/Департаменттің/бөлімнің даму стратегиясы.


 

Құжаттар жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде 2025 жылғы 15  қыркүйек сағат 16.00-ге дейін Пушкин көшесі 86, №2 оқу корпусы, № 219 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: mail@ku.edu.kz
Анықтама үшін тел.36-94-68.

05.09.2025