Сөздәйектер галереясы
Білімді болу деген сөздің мағынасы-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым.
Әл-Фараби
            ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына еріктілерді тарту туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен бүкіл ел бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру басталды. Жобаның мақсаты: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік күйін қалыптастыру, әлеуметтік эксперименттер (Tik-Tok/Instagram түсірілімдерін) жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау. Жобаны іске асыру мынадай бағыттар (іс-шаралар) бойынша жүзеге асырылады:
- қоғамдық бақылау;
 - сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру;
 - Pro bono еріктілік (кәсіби көмек көрсету);
 - корпоративтік еріктілік.
 
Жобаның әлеуетті еріктілері студенттер, студенттік ұйымдар, профессорлық-оқытушылық құрам, комплаенс-офицерлер және т. б. бола алады.
Толтырылған сауалнамалар мекен-жайға жіберіледі upd.sko@antikor.gov.kz
    12.09.2023
        