Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс
М. Қозыбаев атындағы СҚУ КЕАК профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды:
1. «Құқық пәндері» кафедрасы
Аға оқытушы - 1 бірлік
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Университетте жұмыс істейтін тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:
- университеттің белгіленген тәртібінде куәландырылған жарияланған және оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
 - презентация (3 слайдтан аспайтын көлемде);
 
Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
- жеке куәліктің көшірмесі;
 - кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері; ;
 - соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса); (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарғ а қатысты қолданылмайды);
 - ұйымның кадр қызметінің қолымен немесе ғылыми мақалаларды жариялау бедерімен расталған соңғы 5 жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қолданылмайды);;
 - еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын өзге де құжаттар;
 - презентация (3 слайдтан аспайтын көлемде).
 
Құжаттар жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қабылданады: Пушкин к-сі, 86, 2 корпус, 219 кабинетте немесе университет почтасында қабылданады http://mail@ku.edu.kz/ анықтама тел. 36-94-68
Конкурстың өткізілетін күні мен орны туралы қосымша хабарланатын болады.
