- дс.
- сс.
- ср.
- бс.
- жм.
- сб.
- жс.
-
-
-
-
1
-
2
Университет білім алушылары арасындағы «Спорт есірткіге қарсы» көктемгі жеңіл атлетика кроссы
16:30 - Ұлдар мен қыздарды «Спорт есірткіге қарсы» көктемгі жеңіл атлетика кроссына қатысуға шақырамыз.
Жарыс 2025 жылдың 2 мамырында Петропавл қаласының қалалық мәдениет және демалыс саябағында (ескі саябақта басталады) өткізіледі.
Жарыстың басталуы сағат 16:30.
Төрешілер алқасы 2 мамырда сағат 12:20-да, бірінші корпуста, 153 ауд. өткізіледі.Команда өкілдері жарыс басталғанға дейін жарыстың бас төрешісіне қатысуға өтінімдер беруі керек (2025 жылғы 2 мамыр, сағат 15:30-ға дейін).
Бағдарлама:
қыздар 1000 м;
ұлдар 2000 м.
Кесте:
16:00 - жаттығу;
16:30 - жарыстың ашылуы;
16:40 - жүгіру.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының «Қызықта адамдар клубы» жобасы аясында «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Плешаков Анатолий Андреевичтің «Жердің жадында: өткеннен бүгінге» монологы
18:00 - Археология – өткенді зерттейтін іргелі ғылымдардың бірі, оның ерекшелігі «үнсіз» табылған заттар мен артефактілерді зерттеу болып табылады, оларды ғалымдар бұдан әрі түсіндіріп, интерпритациялауы қажет. Ежелгі тарихты зерттеуге, әдетте, білімнің түрлі салаларының ғалымдары - антропологтар, геологтар, палеонтологтар, палеоботаниктер, генетиктер, картографтар, геодезистер, химиктер, өнертанушылар, лингвистер және т.б. тартылады. Археология ғасырлар тереңіне көз салып, адамзаттың ерте қалыптасу кезеңіне көз жүгіртіп көруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, археология көп жағдайда шаруашылық жағдайды, саяси құрылымды, мәдени дәстүрлерді дамытудағы ерекшеліктер мен үрдістерді және олардың кейінгі дамуға әсерін түсіндіруге мүмкіндік береді. Өткенді біле отырып, қазіргі жағдайды түсіндіруге болады. Плешаков Анатолий Андреевич үшін археология - жай ғана мамандық емес, өмір салты. Мектеп кездерінен бастап археолог Г.Б. Зданович бастаған археологиялық үйірменің жұмысына қатысты. Содан К. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтында білім алып, археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан болатын. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін «археологиялық трасология» бағыты бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, түрлі археологиялық экспедицияларға, оның ішінде Ботай қонысында, Байқар қорғаны-ғибадатханасында және т.б. қатысты. А.А. Плешаковтың басшылығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша археологиялық ескерткіштер жинағы жасалып, жүздеген ғылыми еңбектері жарық көрді.
Қазіргі уақытта оның басшылығымен М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенттері Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Долматово селосының маңындағы Ақ-Ирий елді мекенінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.
Бұл біздің дәуірге дейінгі V ғасырға жататын, дала мен орман тұрғындары арасындағы өзіндік бекініс қызметін атқарған сақ кезеңінің ерте темір дәуіріндегі ең солтүстік қонысы. Ақ-Ирийдің ерте темір дәуіріндегі адамдардың өмірі мен тұрмысын компьютерлік қайта құру негізінде елордалық бағдарламашылар мен веб-дизайнерлер 3D форматтағы виртуалды мұражай құрастырған болатын.
Монологты көру үшін сілтеме арқылы өтіңіз.
-
3
-
4
-
5
Университетте Психологиялық қызмет жұмыс жасайды
18:00 - Құрметті студенттер!
Естеріңізге сала кетейік, университетте Психологиялық қызмет жұмыс жасайды.
Сіз кез-келген психологиялық мәселелерді мына мекен-жай бойынша шеше аласыз: Бостандық көшесі, 6, ауд. 102, 103 (№1 жатақхана).
Сонымен қатар, ОЗК-де кабинет ашылды: ауд. 131.
Психологиялық кеңеске мына телефон арқылы жазыла аласыз: +7 775 602 35 80.
-
6
-
7
-
8
-
9
-
10
-
11
Сөздәйектер галереясы
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.Абай Құнанбаев