"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі-топастық, екіншісі-жалқаулық.

Платон
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: Еуропаға қадам: «Бизнес және менеджмент» бағдарламасының тарих, экономика және құқық факультетінің студенттері Литвада білім алуда

6В04108 «Бизнес және менеджмент» (US) білім беру бағдарламасының тарих, экономика және құқық факультетінің 3 курс студенттері Яковенко Жанна Александр әрі қарай оқу

ТЭҚФ: Болашақтың стратегиялық бағдарлары: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы білім, ғылым және инновацияның рөлі

2026 жылғы 9 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде 2026 жылғы 30 қаңтарда конституциялық реформа жөніндегі комиссия ұсынған Қазақстан Респ әрі қарай оқу

ТЭҚФ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІС: ПОРТУГАЛИЯДАН КЕЛГЕН ПРОФЕССОР ТАРИХ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2026 жылдың 2 ақпанында академиялық ұтқырлық аясында Kozybayev University-ге келген Азор аралдары университетінің (Португалия) профессоры Томаш Понси әрі қарай оқу

АФ: Құттықтаймыз!

Kozybayev University Агрокомпетенциялар орталығы атынан әріптесіміз, доктор Сәуле Мусурованың кәсіби дамуы жолындағы маңызды қадамымен бөліскіміз келе әрі қарай оқу

Барлығын оқу
Темиртас Гульсезим Адильбековна 23 наурыз 2014
Сұрақ
салеметсіз бе мен ену-да филология қазақ тілі мамандығы бойынша оқимын СҚМУ-ға журфакка ауыса алам ба?
Жауап

Құрметті Гүлсезім Әділбекқызы!

 Сіз академиялық кезеңді ойдағыдай аяқтағаннан кейін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне  демалыс кезінде ауыса аласыз. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы19 қаңтардағы  №110 қаулысымен бекітілген Білім беруді ұйымдастыру типі бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережелеріне сәйкес, осы ереженің 4 т. 1 т. бойынша «күндізгі оқу бөлімінде білім алушылардың ауысу және қайта қабылдану жөніндегі өтініштері кезекті академиялық кезең басталғанға дейін жазғы және қысқы демалыс кезінде бес жұмыс күннің ішінде білім беру ұйымының басшысымен қарастырылады» 23,25т, 2 т. бойынша егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін  міндетті компоненттің 5 оқу пәнінен аспайтын болса ауыстыру және қайта қабылдану осыған дейін оқыған курсқа жүргізіледі, Жоғары оқу орнындарында білім алушының ауысуы немесе қайта қабылдануы үшін оның көлемі 15 кредиттен аз емес  жеке оқу жоспарына сәйкес бірінші академиялық кезеңді толық аяқтауы міндетті шарт болып табылады.

Білім алушының бір жоғары оқу орнынан басқасына ауысу процедурасы келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа жоғары оқу орнына ауысуға ниет білдірген білім алушы өзі білім алатын жоғары оқу орны басшысының атына ауысу жөнінде өтініш беріп, мөрмен бекітілген жазбаша түрдегі ауысуға келісімді алғаннан кейін, оны қызықтыратын жоғары оқу орнының басшысымен хабарласады.

2) қабылдаушы жоғары оқу орны басшысының атына жазылған ауысу жөніндегі өтінішке мөрмен бекітілген, оқу ісі жөніндегі проректор мен тіркеуші офисінің қолы қойылған транскрипттің; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсыру жөніндегі сертификаттың; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер сондай болса); ол білім алған жоғары оқу орны басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы мен мөрі қойылған) көшірмелері қоса берілуі керек.

Осы  құжаттар пакеткетімен Сіз 2 корпус. 106 каб. «Тіркеуші бөліміне» баруыңыз қажет.