Ағылшын тілі мен өмірге үйрету

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Тетюхин Евгений Петрович 1942 жылы Барнауыл қаласында дүниеге келді. 1965 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтына оқуға түседі (АПИИЯ) және 1969 жылы «орта мектепте ағылшын тілінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдайды. Барнауыл қаласында орта мектепте 1 жыл жұмыс істегеннен кейін Алматы педагогикалық шет тілдер институты жанындағы жоғары курстарға оқуға түсіп, 1972 жылы аяқтайды. Сол уақыттан бері университетте қызымет етіп келеді. 1999 жылы «Стилистикалық амалдардың комбинаторикасы және таңдаудағы автордың бейнесі (Ч. Диккенс шығармашылығының материалдары негізінде)» тақырыбы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің ізденісіне диссертация қорғады. 30 мақаласы бар. 1999 жылы герман-роман филологиясы кафедрасында ғылыми семинар ұйымдастырды, оның отырыстары бүгінгі күнге дейін ай сайын өткізіліп тұрады.

Евгений Петровичтің ғылыми және педагогикалық қызметі халықаралық стипендия мен гранттардың  аясындағы жұмыстармен тығыз байланысты. 2001 жылы Евгений Петрович Қазақстан және АҚШ-тың америкатану мен ағылшын тілінің үздік сабағы бойынша бірлескен байқайуында жеңімпаз атанды (Awardof Exellence of Teaching English and American Studies). Бірнеше рет AlumniOutreach Small grant (2016), Fulbright (2012), JFDP grant (2006), SSEX (secondaryschoolexchange) – 2005, TEA grant (12 конференцияға қатысты) сияқты басқа да халықаралық білім беру гранттарын ұтып алды.

Евгений Петрович спорт іс-шараларына қатысуға көбірек мән береді. Халықаралық спорт шебері бола тұра, бүкіл дүниежүзі бойынша арбаға танылған мүгедектердің 150-ден астам марафонына, 2000-шы жылғы Сиднейдегі және 2004-ші жылы Афинадағы  Паралимпиада ойындарына қатысты. 1999, 2000 және 2002 – 2007 жылдары Анкоридж және Фербенкс қалаларында, Аляска, АҚШ-та мүгедектердің құқысын қорғау бойынша халықаралық конференцияға қатысты.

Евгений Петровичтің спорттағы жетістіктері жарыс іс-шараларына тікелей қатысумен шектелмейді. Болашақ талантты педагог өзінің көп уақытын қоғамдық жұмыстарға бөледі: мүгедектер қозғалысын ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі жастарды спортқа баулу. Евгений Петрович ҚР мүгедектер спорты Ассоциациясының орындаушы комитетінің және Паралимпиадалық комитеттің мүшесі, Солтүстік Қазақстан мүгедектер спорты Федерациясының орындаушы директоры.

2008 жылдың сәуірінде, 2010 жылдың сәуір – мамырында, 2011 жылдың қазан – қарашасында Евгений Петрович Маноадағы (АҚШ, Гавая шататы) Гавая университетінің жанындағы мүгедектіліктің мәселесін зерттейтін орталықтың жұмысына қатысты. Орталық 15-тен астам пәндердің аясында: жоғары білім, әлеуметтік зерттеу, денсаулық сақтау және т.б. пәнаралық зерттеулердің жүргізілуі бойынша үлкен алаң болып табылады. Жұмыстың бағдарламасына Гавая университетінің оқытушылары мен студенттеріне баяндама оқу, студенттермен бірлескен жұмысты ұйымдастыру, қысқа циклді лекция оқу қамтылды. 2006 жылдан бастап Евгений Петрович Гонолулудағы (Pacific Rim Conferenceon Disability and Education) мүгедектердің құқысы бойынша халықаралық конференцияның және АҚШ, Гаваядағы мүгедектердің құқысы бойынша халықаралық Форумның жүргізушісі және тұрақты қатысушысы.

Евгений Петрович профессор Стивен Браунмен бірге Гавая университеті мен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың герман-роман кафедрасының мүгедектіліктің мәселесін зерттеу бойынша «Мүгедек адамдарды көшбасшылыққа үйрету» (Teaching Leader shipto People with Disability) тақырыбында орталықтың бірлескен жобасын құрастыруға  қатысады.

Ғылыми-зерттеу, оқытушылық және спорт қызметінен басқа Евгений Петрович студенттер мен оқытушылар үшін ғана емес, қатысқылары келетіндер үшін де аудиториядан тыс  университеттік іс-шараларды ұйымдастырады. Ағылшын клубының аясында шет тілінде ұйымдастырылатын әңгімелерге оқытушылар, студенттер, кафедраның түлектері, сондай-ақ шетел қонақтары да тартылады. Ай сайын Евгений Петрович 1983 жылдан бастап өткізілетін пикник – ерекше іс-шараны ұйымдастырып тұрады; іс-шара студент тұлғасының жан-жақты дамуына және  ойлауына бағытталған. Таза ауада пикникке қатысушылар құнды тәжірибелерімен алмасады, әңгімелеседі, табиғатта рахаттанып, қала шуынан демалады. Сонымен бірге оқытушылар мен студенттер аймақтың орманды алқабын қалыптастыруға және баютуға бағытталған экологиялық экспедицияларды үнемі өткізе отырып, қоршаған ортаны сақтауға өздерінің үлестерін қосады.

Евгений Петрович Тетюхин ерен еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, Қазақстанның 10 жылдығы және 20 жылдығына медальдармен, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың үлкен Алтын медалімен марапатталған.

 

Пузиков Е.Ю.,

филология ғылымдарының кандидаты