Әлем дүниесінің ғажаптылығы

Астрономия ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚазЖҒА мүше-корреспонденті

Андрей Андреевич Солодовник 1954 жылы 19 сәуірде Петропавл қаласында дүниеге келді. Оның ата-бабалары мен ата-анасы да осында тұрып, қызмет етеді. Кеңес Одағы кезінде Ю.А. Гагарин атындағы орта мектепте оқып, орта білім алды. Адамзат атмосфера шеқарасынан аттап өтіп, планетамызды сырттан байқай алатындығы бір адамның ғана емес, көптеген адамдардың, тіпті бірнеше ұрпақтың, тағдырын өзгертіп жіберді. Әлемдегі көп нәрсені, қарапайымдылығы мен табиғилығына қарамастан, сөзбен ғана сипаттау мүмкін емес.   Аспандағы вязь жазуына ұқсайтын бұлттардың ұшуы, құстардың салған әні, жұлдызды аспанның симфониясы... Сөзсіз, бұл адамның өміріне, оның рухани байлығына байланысты. Сондықтан оны сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Адам, оның әлемдегі орны туралы ойлар көптеген адамдарды толғандырды. Андрей Солодовник те, ғылыммен әуестенетін жетінші сынып оқушысы, бір күні тамыз айындағы жұлдызды аспанға қарап, оның ғасырлық құпиясына таң қалды. Аспан оның жүрегін жаулап алды. Әлем дүниесіне жол ашу оңай емес. Көптеген кітаптар, Орал университетінде оқу жылдары (Свердловск қ.), дегенмен, арманына жетті – «астроном» біліктілігі бар жас маман! Артында сонау тау обсерваторияларда жинаған жұмыс тәжірибесі бар.

Астрономдардың жолы біркелкі бола бермейді. Математикалық құпиясы мол, академиялық қатал ғылымнан бірден орын табу мүмкін емес. Андрей Душанбеде геодезист, кейін Петропавл қаласындағы В.И. Ленин атындағы зауытта инженер-программист болып жұмыс істейді. Бірақ оның ойы жұлдыздарда. 1980 жылы ол Қазақстан ҒА Астрофизика институты жаңындағы аспирантураға оқуға түседі. Ай мен планеталар физикасы Лаборатоиясы өте қызу жұмыс үстінде. Астрономиядан, ол кезде, үш жыл ішінде кандидаттық диссертация қорғау мүмкін емес, ғылымға деген талаптар өте қатал болған. Аспирантураны бітіріп шықты. 1984 жылы А.А. Солодовник К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтына, физика кафедрасына жұмысқа шақырылды.

1987 жылы Андрей Андреевич УКСР Бас Астрономия Обсерваториясында физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін «Численное моделирование двухконденсатной слоистообразной облачности в атмосферах Юпитера и Сатурна» тақырыбында диссертациясын қорғап шықты.

Петропавл пединститутында студенттер арасынан оның пікірлестері табылды. Күш-жігері, білімге деген кұштарлығы мол жас адамдар кез келген жұмысқа дайын тұрды. 1985 жылы университетте «астрономдар» бастамашыл тобы пайда болады. Оның құрамында физиктер ғана емес, басқа мамандықтарда оқитын студенттер, мектеп оқушылары мен басқа мамандық иелері де болған. Топ жұмысының ең басты жетістігі - 1989 жылы СҚМУ Астрономия Обсерваториясының салынуы, ол Кассегрен жүйесінің 0.4 м телескопымен жабдықталған. Ол институттың Агробиостанциясында орналасқан болатын. Қызу ғылыми жұмыс басталды. Жұлдыздардың табиғатын, жақын ғарыштың физикасын, сонымен қатар, күміс бұлттарды, телескоп жасау тәжірибесін зерделеуге бағытталған Астрофизикалық зерттеулер Лабораториясы ашылды. Толық күн тұтылуын байқау жөніндегі алғашқы экспедициялар жүргізілді (1990ж. – Беломорск қ. аумағы, 1997 – Забайкалье).

А.А. Солодовник осы жылдары оқытушыдан физика кафедрасының меңгерушісі қызметіне дейін жетті. Осы қызметте ол 1989 - 2005 жылдары болды, ұйымдастыру және оқу жұмыстарын ғылыми жұмыспен ұштастыра білген. 1993 жылы астрономия доценті ғылыми атағын алды, ал 1997 жылы «Қазақстан Республикасының Халық білім беру үздігі» төс белгісімен марапатталды.

90-шы жылдары «Космический Дом Будущего» жобасы жоспарланды. Оның жүзеге асырылуы он жылға созылды. 2004 жылы Петропавлда жаңа Обсерватория пайда болды. Оның негізгі аспабы – заманауи қабылдау аппаратурасымен жабдықталған Ричи-Кретьен (апертура 0.77 м.) жүйесінің қуатты телескобы. Сонымен қатар, Петропавлда, алғаш рет, Планетарий да пайда болды. СҚМУ-да Қазақстан Республикасы бойынша екінші ғылыми астрономиялық зерттеулер базасы құрылып, «Астрономия» мамандығы ашылды.  СҚМУ Обсерваториясы – Қазақстанның ЖОО-ы арасында теңдесі жоқ обсерватория!

Андрей Андреевич ғылыми жобаларды ұйымдастыру және оларға жетекшілік етумен айналысады. 2004 – 2015 жылдары ол ҚР БҒМ гранттары бойынша жақын және таяу ғарыш физикасына қатысты 9 ғылыми тақырыпқа басшылық етті. Нәтижесінде күміс бұлттардың пайда болу және даму себептерін, ұзақ мерзімді айнымалы жұлдыздардың физикалық табиғатын анықтауға жол ашатын жаңа концептуалдық әдістері айқындалды. Бұл жұмыстар әлемдік деңгейде ғылыми тұрғыдан өте маңызды болып табылады, олар Қазақстан, Ресей, шетелдік астрономия қауымдастығының қолдауына ие болды. А.А. Солодовниктің ғылыми әуестері алуан түрлі, университет астрономдары оның жетекшілігімен метеорлардың белсенділігін, сонымен қатар, қысқа мерзімді ай құбылыстарын кешенді зерттеуді жоғары деңгейде орындап, университеттегі алдағы уақытта өзекті болып табылатын тақырыптарды анықтаған болатын. Ғалым ғарыштану, философия, астрономияны оқыту технологиясын зерттеуге зор үлес қосқан, теология мәселелеріне де қатысты жұмыстары бар.

Бүгін А.А. Солодовниктің ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелері 170–тен астам жарияланымдарда, соның ішінде жоғары импакт-факторы бар басылымдарда да жарық көрген. А.А. Солодовниктің шәкірттері өте көп, ол әрбіреуінің жетістігімен бөлісе біледі. 2010 жылы оның жетекшілігімен физика—математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін екі диссертация қорғалды. Оның жетекшілігімен жиырмадан астам магистрлік диссертация қорғалды.

2016 жылы Андрей Андреевич Қазақстан жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды.

Солодовниктің ғылыми мектебінде дарынды оқушыларды ғылыми жобалар қорғауға және олимпиадаларға қатысуға үйретеді. Астрономиялық білімді көпшілікке тарады, оның жүзден астам мақаласы облыстық және республикалық басылымдарда, интернетте жарияланып, бірнеше телесұхбат және арнайы тақырыптық телебағдарламалар эфирге шыққан.  

Андрей Андреевич өмірде белсенділік танытады. 1989 по 1993 жылдары ол - халық депуттарының облыстық кеңесінің депутаты, кәсіби одақта жұмыс істейді. «Бессмертный полк» қозғалысы, Петр және Павел алғашқы бас апостолдары православие храмы мен Барлық әулиелер храмының істерімен айналысады. Оның әуестері - фенология, орнитология, микология, тарихи және ғылыми-жаратылыстану өлкетану.

Жылдар өтіп жатыр, дегенмен, Әлем дүниесінде таң қаларлық пен аспан туралы армандар шексіз. Андрей Андреевичтің жоспарында Обсерваторияны дамыту, байқаудың автоматтандырылған әдістеріне көшу, күміс бұлттар туралы монография шығару, жерден тыс затты табу, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылыми лабораториясын әрі қарай дамыту міндеттері көзделген.

 

Леонтьев П.И., физика кафедрасының доценті