Ғалым – археолог

Тарих ғылымдарының кандидаты, археолог

Плешаков Анатолий Андреевич 1952 жылы 12 шілдеде туды. Өз өмірін сәтті деп есептейді: ол оқыған №1 мектепте ол кезде жас ғалым Геннадий Борисович Зданович «Жас археолог» балалар үйірмесін ұйымдастырды. Оқушыларда нағыз археологиялық экспедицияға бару және көнені қолмен ұстап көру мүмкіндігі туды. Әзірше балалар турбазасында жорыққа баруды, теориялық сабақтарда археологияның бастапқы мәселелерімен танысуды және болашақ қазбалар, кешкі от басында гитара сүйемелдеуімен романтикалық әндер туралы армандадық. Сынған ыдыстардың бөлшектері, жануарлар сүйектері, күнделікті өмір заттары, безендірулер көп нәрсе туралы хабар беретінін, тек қызық оқиғалы романдарда ғана археологтар іздену барысында алтынға толы сандық табатынын, ал ғалымға сынықтар мен көне адам еңбегінің қарапайым құралдары көп нәрсені аңғартатынын  түсіндік.

Міне, көптен күткен 1968 жылдың 4 шілдесі де келіп жетті: жүк мәшинесінің қорабында археологиялық заттармен қоса оқушылар өздерінің ұстазымен бірге Ильинка селосының тұсындағы Есіл өзенінің жағасына экспедицияға аттандық. Палаталарды құру, отқа тамақ пісіру, ән мен гитараға ұласқан бірінші кешкі от, ұйқысыз түн, таңертең жауған қар. Мұның бәрімен Анатолий өзінің бірінші археологиялық экспедициясында көне тұрақтар мен мазарларды алдымен Ильинка селосының жанында, содан соң Явленка селосының жанында, Иман-бұрлық кішкентай өзенінің жағасында қазу кезінде танысты. Бірінші экспедиция болашақ ғалымның өміріне жол салды. Сондықтан мектептен кейін оқу орнын таңдау қиын болған жоқ – ол Петропавл педагогикалық институты тарих факультетінің студенті болды.

Студенттік кезінен-ақ Анатолий ғылыммен тыңғылықты айналысты. Жыл сайынғы археологиялық экспедициялар нәтижелері бойынша міндетті түрде рефераттар, ғылыми жұмыстар пайда бола бастады, олар институтта ғана емес, сонымен қатар, тарихи ғылыми ортада жоғары бағаланды, академиялық журналдарда басылды. Жыл сайын студенттердің аймақтық конференцияларына, содан соң Бүкілодақтық ғылыми археологиялық форумдарға қатысты. Студент кезінен бастап оқушылардың ғылыми үйірмелеріне жетекшілік жасады, оның оқушылары археология бойынша мектеп, облыстық және республикалық олимпиадаларда бірінші орынға ие болды.

Тарихшы дипломы ғылымға жол ашты. Е.Б. Здановичтің жетекшілігімен Петропавлда  тарихшылардың Қазақстан мен ССРО-да ғана емес, сонымен қатар, әлемдік ғылымға танымал белгілі ғылыми мектебі қалыптасты. Әлем Атбасар, Ботай, Петров, Саргарин мәдениетін білді. Ботай мәдениетін ашу әлемге шындылықта Орал мен Ертіс аралығында жылқы тұңғыш рет үйге үйретілгенін көрсетті, Петров мәдениетінің қазбаларында теңдесі жоқ заттар табылды - ат арбаларының қалдықтары әлемдегі ең көне болып есептеледі. Біріншілердің қатарында Г.Б. Зданович, С.Я. Зданович, В.Ф. Зайберт, А.А. Плешаков және т.б. ғалымдар болды.  Қазбалар Енисейден Прибалтикаға дейін жүргізілді, Украина мен Молдавия, Оңтүстік Орал, Батыс Сібір мен Орта Азияны қамтыды. Қазбалар барысында алынған көне тарих бойынш деректер ғалымға археологиялық ғылымның жаңа бағытына – трасологияға назар аударуға мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы ғалымдар көне құралдар үлгісімен дайындалған қырғыштар мен ұрғыштар арқылы оларға тән микроіздерді анықтады, бұл көне замандағы технологиялық үдерістерді жандандыруға мүмкіндік берді.

Ғылыми жұмыс ұйымдастыру қызметімен ұласты: 1981 жылы ол облыстық тарихи-өлкелік мұражайының археология бөлімінің меңгерушісі, ал 1986 жылдан бастап оның директоры болды. 1988 жылы Петропавл педагогикалық институты ҒЗС-тың ғылыми қызметкері болып қабылданды. 1993 жылы ол «Трасологиялық зерттеулер негізінде Солтүстік Қазақстан неолитикалық тайпаларының шаруашылығы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Қорғаудан кейін тарих-филология факультеті деканының орынбасары, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, содан кейін осы кафедраның меңгерушісі болып істеді. Оның ғылыми-педагогикалық қызметінің жалпы өтілі 40 жылдан астам. Еңбек еткен жылдарында ол 100-ден астам ғылыми еңбектер, оның ішінде монографиялар мен оқу құралдарын баспадан шығарды. Монографиялардың біреуі Германияда басылып шықты. А.А. Плешаков құрастырған «Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің тізімі. Солтүстік Қазақстан облысы» еңбегі оның Қазақстан тарихын сақтауға  қосқан қомақты үлесі болып табылады. Анатолий Андреевич - осыған ұқсас «Ақмола облысы ескерткіштерінің тізімі» басылым авторының бірі. Қазіргі кезде ол Қазақстандағы археологиядағы экспериментальды-трасологиялық зерттеулер саласындағы  аз мамандардың бірі. А.А. Плешаков СҚМУ студенттері мен қалалық және облыстық мектеп оқушыларын ғылыми жұмысқа баулиды, олардың ғылыми жобалары мен зерттеулері студенттер мен оқушылар жұмыстарының республикалық байқауларында  бірнеше рет 1 және 2 дәрежелі дипломдарға ие болды. Анатолий Андреевич мұражайлық, мұрағаттық және археологиялық тәжірибелерді ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік етеді. Ақ-Ирий қалашығында А.А. Плешаковтың жетекшілігімен Қазақстанда алғаш рет тас дәуірінен орта ғасырға дейін Қазақстан көнеліктерінің әртүрлі кезеңі үдерістерін қалыпқа келтіріп, бір археологиялық ескерткіш негізінде мұражай кешенін немесе табиғи-тарихи парк құру қолға алынып отыр. 

А.А. Плешаков ғалым және педагог ретінде ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың жеке алғыс хаттары, қала және облыс әкімдерінің алғыс хаттары, университет грамоталарымен марапатталды, оның есімі университеттің «Құрмет кітабына» енгізілген. Педагогтық және қоғамдық қызметі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің білім беру саласындағы 1 дәрежелі сыйақысына ие болды. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың  «Үлкен алтын медалімен»  марапатталған,

Табакова З.П., профессор,

 доктор филологических наук