Орман әсемдігін түсіну, сүю және қорғау

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент

Зверяченко Василий Михайлович 1928 жылы 9 қаңтарда Воронеж қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, 1945 жылы Воронеж ауылшаруашылық инстутының «Орман шаруашылығы» мамандығына оқуға түсіп, 1949 жылы орман шаруашылығының инженері маманы атанады. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, Мемлекеттік комиссия шешімімен Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы Министрлігіне жіберіледі. Онда мұндай санаттағы мамандардың ешқайда жоқтың қасы болғандықтан, В.М. Зверяченкоға Қазақстанның кез келген облысын таңдауға мүмкіндік беріледі. Өлкенің жайқалған қайыңды ормандарының сұлулығы жайлы көп естіген жас маман Солтүстік Қазақстан облысын таңдайды. Әрі қарай жұмыс орны мен саласын таңдау шешімі Василий Зверяченконың өзіне берілді. Жаңа ғана құрылған 12 орман шаруашылығының кез келгенін таңдай алу мүмкіндігі болған ол Октябрь орман шаруашылығын таңдайды. Аудандар оған белгісіз болса да, жұмыс қызықты болып, сегіз жыл ішінде Василий Михайлович орман шаруашылығының инженері, аға орманшы және директоры болып еңбек етеді.

1957 жылы Василий Михайлович облыстық басқармаға жұмысқа ауыстырылады. Осылайша, оның өмірінің жаңа кезеңі басталады. Облыстың орман шаруашылығы жағдайымен танысып, шаруашылықтың осы саласында «ақ дақтардың» аз еместігіне көз жеткізген В.М. Зверяченко бұл мәселелерді әкімшілік әдіспен шешудің мүмкін еместігін түсіне бастайды. Оларды ғылыми білім тұрғысынан шешу қажет болатын. Василий Михайлович облыстық «Табиғатты қорғау қоғамын» құрады. Көп мәселелер сәйкес мемлекеттік заңдардың болмауына байланысты болды. Аталмыш мәселе 60-шы жылдары, Экология министрлігінің пайда болуымен оң шешімін тапты.

1965 жылы Зверяченко В.М. Қазақ ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері лауазымына ауысып, кесілген қайың ағашында қарағай дақылын алумен байланысты мәселе бойынша жұмыс жүргізеді. 1973 жылы Зверяченко Василий Михайлович  «Создание культур сосны обыкновенной в берёзовых колках Северо-Казахстанской области» тақырыбында диссертация қорғап, 1974 жылы оған «Орман екпелері, селекция, тұқым шаруашылығы және қалаларды көгалдандыру» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі беріледі. 

1974 жылы Василий Михайлович Зверяченко К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтына оқытушы қызметіне ауысып, онда 42 жыл бойы кафедра доценті болып еңбек етті.

Студенттер топырақтану бойынша дәрістерді үлкен қызығушылықпен тыңдап, топырақты зерттеу бойынша алғашқы тәжірибелер жинақтайды. Білім беру қызметінен басқа, ғалым-тәжірибеші облыстың орман шаруашылығын дамытумен байланысты қолданбалы ғылыми зерттеулер саласында бүгінгі күнге дейін табысты жетекшілік етіп келеді. Оның жетекшілігімен 2009-2016 жылдар аралығында 18 шаруашылық-келісім тақырыптары орындалып, 2000 га астам мемлекеттік орман қоры жері зерттелді, қарағайдың өсімін 30% -ға қамтамасыз ететін қарағайды сақтау әдісі ұсынылды. Бұл әдіс Соколов ауданы аумағындағы республикалық маңыздағы «Серебряный бор» ескерткішінде бұрыннан қалған ағаштарды сақтау тәжірибесіне табысты енгізілген.

Василий Михайлович Зверяченко - топырақтың орманға жарамдылығын зерттеудің жетекші маманы. 2017 жылға облыс шаруашылықтарынан 800 гектар топырақты зерттеуге тапсырыс келіп түсті. Сонымен қатар В.М. Зверяченко мәдениет және демалыс саябақтарын қайта қалпына келтіру бойынша кеңесші болып табылады. Бұл жұмыс саласындағы тәжірибесі СҚМУ аумағы мен Петропавл қаласын көгалдандыруда қолданылды. Оның наградалары - көпжылдық қажырлы еңбегінің көрсеткіші. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерен еңбегі Үшін. В.И. Лениннің 100 жылдығына», «Еңбек ардагері», «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Үлкен алтын медалі», «Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңістің 65 жылдығына», «Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңістің 70 жылдығына» медальдерімен наградталған; Құрмет грамоталарымен, соның ішінде Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. 

 

З.П. Табакова, профессор,

филология ғылымдарының докторы