Еңбек – қуанышы, ғылымның нәрі

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Табакова Зинаида Петровна – басқа елге қоныс аудару кезінде 1937 жылы 9-қазанда Қытайда туған. 1954 жылы ата-анасымен КСРО–ға тың игеру жылдарында көшіп келген. Осы сәттен бастап, оның өмірі Қазақстанмен байланысты. Осында Зинаида Петровна орта мектепті аяқтап, еңбек жолын Павлодар облысының Михайловск орта мектебінде пионер жетекшісі болып бастаған. Ол 1957 жылы Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын таңдап, орыс тілін, әдебиетті және тарихты оқып үйренудегі тілегімен жоғары оқу орнына түскен. Сол кезде Петропавл пединституты жалғыз жоғары оқу орнында екі мамандық қана болған.                                 

1962 жылы Табакова Зинаида Петровна жоғары оқу орнын «Орыс тілі, әдебиет және тарих» мамандығы бойынша үздік бітірген. 1962 жылдан бастап 1971 жылға дейін жолдама бойынша жұбайымен Булаев ауданындағы Лебяжі орта мектебінде мұғалім, содан кейін Ново-Булаев теміржол орта мектебінде директор болып жұмыс істеген. 1971 жылы Табакова Зинаида Петровна біздің жоғары оқу орнының орыс тілі кафедрасында өткізілген байқаудан өтіп, оқытушы, аға оқытушы, тарих – филология факультетінің декан орынбасары болып қызмет істеген.

1979 жылы Табакова Зинаида Петровна «Қазіргі орыс тілінде жатыс септігінің синтаксистік формасының қызметі» атты кандидаттық диссертациясын қорғаған және ол сөйлемдегі етістіктің жіктелуі бойынша сұрақтың жаңа шешімдерін дәлелдеген.

1986 жылы КСРО Министрлер кеңесінде жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен оған орыс тілі кафедрасының доцент ғылыми атағы берілген.

1981 жылы Табакова Зинаида Петровна орыс тілі кафедрасының тұрақты меңгерушісі, ал 1997 жылдан бастап 2015 жылға дейін орыс тілі кафедрасы мен әдебиет кафедрасын біріктіргеннен кейін «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі болды.

1997 жылы Табакова Зинаида Петровнаның бастамасымен СҚМУ кафедрасында келешекке қажетті «журналистика» мамандығы ашылды, онда бүгінгі күні қалалық, облыстық, республикалық және ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында түлектері жұмыс істейді.

2002 жылы «Қазақ филологиясы» кафедрасында қазақ тілінде журналистика бөлімі ашылды. 2016 жылы екі журналистика бөлімінің базасынан жеке дара «Журналистика» кафедрасы құрылды.

СҚМУ-да орыс тілі кафедрасында алғаш рет магистратура ашылып, оның №1 магистр дипломын Казанцева З.М. алды, ол СҚМУ магистратурасының бірінші түлегі саналады және осы күнге дейін Зульфия Муратбековна кафедрада жұмыс істейді.

1992 жылы Табакова Зинаида Петровнаның «Қазіргі орыс тілінде құрамында етістік кездеспейтін сөйлем»атты монографиясыжарықққа шықты. 1994 жылы доцент Табакова Зинаида Петровна орыс тілінен «Қазіргі орыс тілінде құрамында етістік кездеспейтін сөйлемнің семантикалық құрылымдық түрі» атты Қазақстанда докторлық диссертациясын қорғады, онда автор өзінің орыс тілінің синтаксистік семантикалық жүйесіне зерттеу жүргізген көп жылдық еңбегінің нәтижесін көрсетті. 1998 жылы Табакова Зинаида Петровнаға тіл білімі мамандығы бойынша ғылым профессоры атағы берілді. 

Зинаида Петровна жақсы ұстаз және тамаша ұйымдастырушы. 1995 жылы профессор Табакова Зинаида Петровнаның бастамасы бойынша университетте 2001ж. 10.02. орыс тілі мамандығы бойынша аспирантура, ал 2000 жылы осы мамандық бойынша кандидаттық  диссертацияны қорғау үшін Кеңес ашылды.

Табакова Зинаида Петровнаның басшылығымен кандидаттық диссертациясын 11 аспирант: Твердохлебова Е.А., Сабиева Е.В, Оспанова И.В., Дарбаева Ж.К., Бочкова Л.А., Сегизбаева К.К., Сиривля М.А., Беймухаметова А.А., Макарова О.В., Сараева О.А., Мисяченко С.В. қорғады.

Аймақтық кеңестің жұмысына Қазақстан және Ресейдің әртүрлі жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Осында тек қана СҚМУ оқытушылары ғана емес, Алматы, Павлодар, Қостанай, Өскеменнің жоғары оқу орнының оқытушылары да жұмыстарын қорғап шықты.

2014 жылы мемлекеттік аттестаттация нәтижесі бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 100% ғылым докторлары мен кандидаттарымен қамтылған.

Табакова Зинаида Петровна«Қазіргі орыс тілінде құрамында етістік кездеспейтін сөйлем» – Алматы, 1992 ж., қайтадан әзірлеп және өңдеп – Алматы, «Отан» баспасынан, 2014 ж.;

«Халық өлеңдері. Тіл және мәдениет сұхбаты». – Германия: «Palmarium academic pubishing» баспасынан, 2014 ж.;

"Көркем мәтіннің этнолингвистикалық талдауы – Алматы: «Отан» баспасынан

2014 ж., 200-ден астам әртүрлі басылымдарда ғылыми жұмыстарын, монографияларын басып шығарды.

Оқу-әдістемелік құралдары: «Синтаксис. Теория. Практика. Бақылау». – Петропавл, 1998 ж.; «Ұлт» – Петропавл, 2008 ж.; «Синтаксис сұрақтарының мәселелері» – Петропавл, 2014 ж.; «Халық өлеңдері арқылы қоғамды мәдениеттілік төзімділігіне тәрбиелеу» – Петропавл: СҚМУ, Қазақстан халықтары Ассамблеясы, 2015 ж.; «Көптілділік – қазақстандық қоғамның тұрақты дамуының негізі» – Петропавл: СҚМУ, Қазақстан халықтары Ассамблеясы, 2016 ж.; «Қазақ тілінде оқытылатын топтарда орыс тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс» – Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2016 ж. (А.К. Карабатыровамен бірлескен автор) және басқа да. Ол республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарда  жоғары деңгейде басып шығарды. 

Табакова Зинаида Петровнаның профессорлық ғылыми мектебі тек қана Қазақстанда ғана емес, шет елдерде белгілі. Табакова Зинаида Петровна туралы мәліметтер «Қазіргі орыс тілін, әдебиеті мен мәдениетін зерттейтін ғылымдардың жиынтығында кім бар» деген халықаралық энциклопедияға енгізілген, 1994 жылы Хельсинкиде басылып шықты.

2006 жылы Табакова Зинаида Петровна Кембридж орталығының «Биографиялық сөздік. Кім бар» әлемдік лингвистикалық ғылыми зерттеулеріне енгізілген.

Профессор Табакова Зинаида Петровнаның ғылыми қызметі туралы мәліметтер «Қазақстанның зерттеуші тұлғасы» – Астана, 2009 ж. кітабына,

Сондай-ақ «Петропавл. Уақыт. Оқиға. Адамдар», – Петропавл «Солтүстік Қазақстан», 2004 ж. республикалық және облыстық энциклопедияларда, қаланың дана адамдары туралы кітаптарда жазылған. 

Зинаида Петровна облыс мұғалімдеріне, қайта дайындықтан өтуге келген курс мұғалімдеріне дәрістер оқиды, облыстық және республикалық олимпиадаға және оқушылардың ғылыми жұмыс байқауына әділ-қазы ретінде қатысады.

Ол көп жылдан бері «Білім» және «Кітап оқу қоғамы» қоғамының белсенді мүшесі және осы қоғамның төс белгісімен марапатталған.

Зинаида Петровна бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына белсенділік танытады және өз жұмыстарын басып шығарады, сондай-ақ облыс газеттерінің штаттан тыс тілші жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.

Табакова Зинаида Петровна ректордың, СҚО Білім басқармасының, облыс әкімінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «ҚР Ағарту ісінің үздігі», «ҚР Құрметті білім қызметкері» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «М.Қозыбаев атындағы СҚМУ үлкен алтын медалі», «әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ – 80 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған.

2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің білім саласындағы бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты атанды.

2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағын алды.

 

Орыс тілі мен әдебиеті  кафедрасының доценті,

филология ғылымдарының кандидаты И.В. Оспанова