Профессор поляковтың тамаша тополині

Химия ғылымдарының докторы, профессор

Поляков Владилен Васильевич 1944 жылы Алматы қаласында дүниеге келіп, сол жерде №4 орта мектепті бітірген. 1961 жылы Киров атындағы ҚазМУ -дың «химия» мамандығына оқуға түседі. Болашақ химик мамандық тағанда қателеспеген болды, студенттік кездің өзінде ғылыми эксперименттер жасаумен белсенді айналысады. Университетті бітірген соң, жас маман Гурьев мұнай және табиғи тұздар химиясы институтына жіберіледі. Содан кейін ҚазМУ-дың табиғи қосылыстар химиясы кафедрасына аға инженер лауазымына қабылданып, көп кешікпей аға ғылыми қызметкер лауазымына ауыстырылады. 1975 жылы Поляков Владилен Васильевич кандидаттық диссертация қорғап, доцент лауазымымен оқытушылық қызметке ауысады.

1982 жылы Поляков В.В. Петропавл қаласына көшіп, өз өмірін К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтымен байланыстырады. «Химия» кафедрасында ол кафедра доцентінен бастап, профессор және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор болады. 1985 –1996 жылдары химия кафедрасының меңгерушісі болады. 1999 жылы Поляков В.В. докторлық диссертация қорғайды.

Химия ғылымдарының докторы, профессор В.В. Поляков өзінің бар күшін ғылымға жұмсайды. Ол М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың өзінің ғылыми мектебін құрған, әлемдік деңгейдегі табысты ғалымдарының бірі. Профессордың пікірінше адамның өмір сүретін жерінің ландшафты оның денсаулығына әсер етеді. Алайда табиғатта аурумен қатар оны емдейтін дәрі- дәрмек те болады. Адамға тек табиғаттың сырын ашып, оның сыйын өз игілігіне қолдана білу қажет. В.В. Поляковтың ғылыми зерттеулері біздің облысымыз үшін маңызды мәселе болып табылатын онкологиялық аурулар мен туберкулезбен күрес мәселесін шешуге бағытталған. Биологиялық белсенді препараттар үшін бальзамин терегі қолданылады. Көптеген зерттеулер мен эксперименттер нәтижесінде қасиеті ерекше болып шыққан терек бүршіктерінен май алу технологиясына қол жеткізілді. Ол ісіктің өсуін 65% тежеп, қан тамырларын нығайтады, пародонтозды емдейді, ауырғанды басады, тамаша дезодорант болады. Одан «Тополин» и «Эфматол» препараттары жасалды. Аталмыш препараттар жараны емдейтін, ісікке және микробқа қарсы қолданылатын препарат ретінде клиникалық сынақтан сәтті өтті. Препараттар Алматы, Қарағанды, Астана және Петропавл қалаларының медициналық мекемелерінде қолданылады. Бұл препараттардың шығарылуы химиктердің Солтүстік Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі болып табылады.

В.В. Поляков – 265 жарияланымның авторы, КСРО-ның 13 авторлық куәлігінің иегері, 9 патент, 2 монография, 5 оқу құралының авторы. Оның жаңалықтары түрлі ғылыми басылымдарда жарық көрді: «Исследование химического состава фракции экстракта таволги вязолистной», («Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» IV Халықаралық ғылыми–практикалық конференция–Петропавл, 2016); «Лечебные фитопленки – новый перевязочный материал» («Қозыбаев оқулары – 2015» Халықаралық ғылыми–практикалық конференциясы); «Перспективы развития науки и образования». – Петропавл, 2015; «Способ выращивания семян яровой пшеницы» – № 30299. Бюл.№9 15.09.2015ж. ҚР Инновациялық патенті; «Уникальные лечебные препараты на основе почек тополя», – Казахстанский фармацевтический Вестник; The Prospects of Using the Drugs Made of Balsam Poplar in Medical Practice, International scientific and practical conference «Achievements and Prospects for the Development of Phytochemistry». – Karaganda, 2015; Поляков В.В., The Prospects of Using the Drugs Made of Balsam Poplar in Medical Practice, International scientific and practical conference «Achievements and Prospects for the Development of Phytochemistry». – Karaganda, 2015.

Жемісті еңбек ету кезінде Владилен Васильевич Поляков келесі гранттарды жеңіп алды: 1997ж. «Терек майы мен негізі мирецетин болып табылатын табиғи полифенолдардың синтетикалық аналогтары негізінде табиғи препараттар алу»; 2002ж. «Теректің эфирлі майын алуға арналған қондырғы жасау және технологиялық регламенттерді әзірлеу. Бальзамин терегі мен қайыңнан алынған препараттарды клиникалық зерттеу»; 2007ж. «Бальзамин терегінен алынған жоғары тиімді бәсекеге қабілетті дәрілік препараттардың субстанциялары мен дәрілік формаларын, GMP талаптарын ескеріп, оларды өндіру регламенттерін жасау».

2009-2015жж. В.В. Поляков өсімдіктер мен жануарлардың өсімін жеделдеткіш ретіндегі тополиннің әсерін ғылыми зерттеуге жетекшілік етті. Алынған нәтижелер СҚО -ның егін және мал шаруашылығында қолданылды.

Ғылымды дамытуға қосқан зор үлесі үшін профессор Поляков В.В. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Владилен Васильевичтің шәкірттері Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Австралияның мектептері мен басқа да мекемелерінде табысты еңбек етуде.

 

З.П. Табакова, профессор,

филология ғылымдарының докторы