Ғалым - рационализатор

Техника ғылымдарының докторы, профессор

Ивель Виктор Петрович 1950 жылы 11 тамызда Челябин қаласында туды, Челябинде орта мектепті аяқтады. Орта мектепті аяқтағаннан кейін, 1969 жылы Қазақ политехникалық институтына «Автоматика және телемеханика» мамандығына оқуға түсті. 1974 жылдан бастап жолдама бойынша Петропавлдағы В.В. Куйбышев атындағы Машина жасау заводының «Экспериментальды конструкторлық бюросында» инженерлік лауазымдарда жұмыс істеді, онда ғылыми-зерттеу ұжымының құрамында басқарудың арнайы мақсаттағы борттық жүйесін әзірлеумен айналысты. 1985 жылы Ленинград қаласындағы ҒЗИ-де аспирантураны аяқтап, «Су асты роботтық техникалық жүйелерді жасау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1992 жылдан ҚарПТИ Петропавл филиалында, содан кейін СҚМУ-да «Радиотехника» кафедрасында оқытушы болып істеді, онда «Биотехникалық және медициналық аппараттар мен жүйелер» секциясын басқарды. Өзінің оқыту қызметін Ивель В.П. ғылыми-өндірістік жұмыспен қатар алып жүрді. Жеке компьютерлер базасында медициналық аппаратураны әзірлеу және енгізумен шұғылданған «Медприбор» фирмасының жетекшісі ретінде Мейірімділік халықаралық корпусының гранты бойынша «Солтүстік Қазақстан облысының аудандық ауруханаларына 4 ЭКГ-кешенін орнату және тәжірибелік қолдану» халықаралық пилот-жобаны іске асыруға қатысты. 2000 жылы ҒЗЖ және ОКР республикалық ғылыми бағдарламасына сәйкес СҚМУ-дың «Биомедтехника» проблемалық лабораториясының жетекшісі ретінде Ивель В.П. жеке компьютерлер мен сериялық медициналық приборлар базасында бағдарламалық-аппараттық кешендерді әзірлеу мен жасауға белсенді қатысты.  Осы жылдарда Қытай Халық Республикасымен халықаралық ынтымақтастықтағы және «ЗИКСТО» ААҚ сұранысы бойынша СҚМУ-да орындалып жатқан тақырыптың жетекшісі ретінде «Көпөлшегіш стационарлық емес нысанның соңғы жағдайын өлшеу және басқарудың жоғары нақтылы автоматтық жүйесін әзірлеу» ҒЗЖ мен ОКР орындауға қатысты.

1999 жылы Ивель В.П. екі жылға аға ғылыми қызметкер лауазымына ауыстырылды. Осы уақыттың ішінде ол докторлық диссертациясын дайындап, 2002 жылы оны «Электрокардиологияда өлшеу мен диагностиканы автоматтандырудың теориясы, әдістері мен құралдары» тақырыбында қорғады. 2011 жылы оған «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. 2004 және 2013 жыл аралығында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Энергетика және машина жасау» факультетінің «Радиоэлектроника мен телекоммуникация» кафедрасының меңгерушісі болып істеді. Осы уақыттың ішінде оның жетекшілігімен материалды-техникалық база айтарлықтай нығыздалды,  NationalInstruments технологияларын зерттеу бойынша оқу-ғылыми орталықты  жасаудың жобасы әзірленді, «Радиотехника, электроника мен телекоммуникациялар» мамандығы бойынша магистратура мен докторантура ашылды.

Виктор Петровичтің ғылыми қызығушылығының салалары әртүрлі: роботтық техника, нейрожүйелер, техникалық жүйелер мен үдерістерді идентификациялау, компьютерлік математика жүйелері. Ивель В.П. - 105 ғылыми жұмыстар, бес монография және 30-дан астам ғылыми өнертабыс авторы. Оның Ғ.М. Мүтәновпен бірігіп жазған «Электрографикалық сигналдарды өлшеу мен талдаудың автоматтандырылған жүйелері» (2002 ж.), «Динамикалық жүйелер мен үдерістерді модельдеу және идентификациялау»(2006 ж.) жұмыстары, сонымен қатар, «Су асты нысандарын ұсыну жүйелерін компьютерлік модельдеу» монографиясы басым ғылыми сұранысқа ие болды.

2012 жылдан 2015 жылға дейін Ивель В.П. ҚР БҒМ: «Жүк теміржол вагондарын айналдыру- көтеру дің жоғары дәлділік автоматтандырылған жүйесі», «Су асты автономды аппараттың (роботтың) басқарылатын қозғалысын жартылай натурлық модельдеу жүйесін әзірлеу», «Су асты роботты басқарудың адаптивтік жүйесі» гранттық жобаларының жетекшісі болды.

Виктор Петрович Ивель зияткер, педагог және ғалым жақтарын тең алып жүретін сауатты маман. Жұмыстағы өз әріптестерімен достық қатынаста, студенттер мен магистранттар арасында беделді, олар оқытушының ең қиын оқу материалын қолжетімді түсіндіре білу, қатаң да, әділ  талап қою қабылетін атайды.

Кошеков К.Т., доктор т.н., профессор,

 зав. кафедрой «Энергетика и приборостроение»