"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тәрбие басы – тіл.

М.Қашқари
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: Еуропаға қадам: «Бизнес және менеджмент» бағдарламасының тарих, экономика және құқық факультетінің студенттері Литвада білім алуда

6В04108 «Бизнес және менеджмент» (US) білім беру бағдарламасының тарих, экономика және құқық факультетінің 3 курс студенттері Яковенко Жанна Александр әрі қарай оқу

Барлығын оқу

XX ғасыр басындағы Солтүстік Қазақстан: алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі және рухани мұрасы

Зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (грант № АР14870568).

  

 

Жоба жетекшıсı: Ибраева А.Ғ., т.ғ.д., профессор.

Жобаны орындаушылар: Маликова С.З., к.и.н., Тайшыбай З.С., ф.ғ.к., профессор, Сөйлемез Орхан, PhD, Мұхамеджанова Г.Т., PhD, Темирханова А.С., докторант, Жәкежан Саягүл, магистр.

Орындалу мерзімі: 2022 – 2024 жж.

Мақсаты: Қазақстанның солтүстıк өңıрıндегı Алаш қозғалысы мен Алаш-Орда үкıметıнıң, қазақ зиялыларының қызметıн  тың  деректıк  материалдар негıзıнде тарихи зерттеулер тұрғысынан көрсету.

Жобаның сипаттамасы:

1. Қазақстанның солтүстıк өңıрı елıмıз үшıн өте маңызды стратегиялық аймақ. Тарихымыздың әр кезеңıнде бұл өңıрдıң территориялық мәселесı өзектı болып келедı. Өкıнıшке орай, өңıрдıң ортағасырлық, отаршылдық, кеңестıк кезеңдердегı тарихы толық зерттелмеген. Елıмıз тәуелсıздıгıн алғаннан кейıн Отандық тарихнамада Алаш мәселесı жан-жақты қарастырылғанымен, солтүстıк өңıрдегı Алаш қозғалысы, Алаш қайраткерлерıнıң азаттық үшıн күресı осы күнге дейıн зерттелмеген өзектı мәселелердıң бірі.

2.Қазıргı таңда осы өңıрде туған немесе қызмет еткен Алаш арыстарының 40-тан астам мүшесıнıң есıмıдерı белгıлı болды. Олардың өмıрı мен қызметıн, құнды мұраларын ғылыми тұрғыда зерттеп, көпшıлıкке, жастарды тәрбиелеуге насихаттау парызымыз деп бıлемıз.