М. Қозыбаев ат. СҚМУ-дағы Көңілділер мен тапқырлар клубы

Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды.«Жайдарман» — қазіргі таңда телеарна арқылы көрсетіліп, көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі. Көптеген жастардың жүрегіне жол таба білген бұл ойын жарнаманы қажет етпейді, керісінше Жайдарманның өзі жарнама болып табылады. Жайдарманның ең басты ерекшелігі – өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл жастардың орталығы.

Біздің жетістіктер:

  • «Оян қазақ» командасының "Жайдарман"ашық республикалық фестиваліне қатысуы.
  • 2014 жылы Қарағанды қаласында Қазақстан лигасына және Астана қаласында Қазақстан премьер-лигасына шақыру.
  • 7 UP КТК командасы 2016 жылы аймақтық «Ертіс» КТК Лигасының финалына өтті.
  • 2017жылы «5 жаңалық» командасы Облыстық «жайдарман» чемпиондары Қызылжар қаласы
  • 2018 жыл «5 жаңалық» командасы Республикалық премьер-лига ¼ финалистері Алматы қаласы
  • 2019 жыл Республикалық «Сыр-елі» бірінші лига финалистері Қызылорда қаласы
  • 2019 жыл «Сборная СКГУ»командасы Бас лига ¼ финалистері Алматы қаласы

Сұрақтар бойынша №1 оқу корпусы, 109 кабинет.

Байланыс деректері: Зариф Аян Асқарұлы – 8 708 697 5529

Галерея

2019 жыл

2016 жыл


2015 жыл

2014 жыл


2013 жыл

2012 жыл