М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға түсу

"М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түсу" жадынамасы

  1. 13-20 шілде аралығында білім беру гранттарын тағайындау конкурсына (бұдан әрі - Конкурс) қатысу үшін өтініштерді қабылдайтын Қазақстанның кез келген ЖОО-сына келу.
  2. Конкурсқа қатысуға өтініш жазу (бланк берілген орны бойынша ЖОО-ның қабылдау комиссиясында толтырылады).         
  3. Өтініште білім беру бағдарламалары тобының шифрін және ЖОО тізімінде міндетті түрде - М. Қозыбаев атындағы СҚМУ (040 коды) деп көрсету керек
  4. Конкурс нәтижелері жарияланғаннан кейін Петропавлға келіп, қабылдау комиссиясына Жұмабаев көшесі, 114 (6 корпус) мекен-жайы бойынша хабарласуға болады
  5. Жатақханаға орналасуға өтініш жазу (бұны онлайн да жасауға болады), медициналық тексеруден өту, құжаттарды ұсыну (жеке куәліктің 2 көшірмесі, 3Х4 форматындағы 1 фотосурет, ХҚКО-дан жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама, жеңілдіктерге құқық беретін құжат, бір жыл тұру үшін төлем туралы түбіртек және тұруға жолдама алу.
  6. 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға келу.
Қабылдау комиссиясының шұғыл байланыс желісі

Мекен–жайымыз: 150000, СҚО, Петропавл қ., Жұмабаев к., 114, № 6 оқу корпусы, 118 ауд.

Телефон: 8 (7152) 493037, mail@nkzu.kz