Ғылыми кітапхана

Техникалық қамтамасыздандыру жағынан заман талабына сай және оқырмандарға қызмет көрсету жағынан тиімді СҚМУ кітапхана кешені төмендегілерді қамтиды:

  • Білімнің барлық салалары бойынша бірегей кітап қорын: 1132849 дана, соның ішінде қазақ тілінде 136924 дана
  • Сирек кездесетін және құнды кітаптар жиынтығын: 5221 дана
  • Электронды каталогты
  • Білім беру және ғылыми электронды қорларды
  • Ғаламторға қосылған заман талабына сай компьютерлерді

 

 

2015 жылы кітапхана қорының жаңа әдебиетпен қамтылуы 10765 дананы (0,95%) құрады, соның ішінде қазақ тілінде 4820 дананы құрады. 18 ғасырда басып шығарылған кітаптары бар сирек және құнды кітаптар жиынтығы кітапхана қорының ең құнды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі оқу басылымдарын элекронды кітапхананың элекронды ресурстары толықтырады: оқу құралдары, лабораториялық жұмыстар, оқытушылардың дәрістері. Сонымен қатар электронды кітапхана сирек кітаптар қорының басылымдарын жаңа форматқа келістіру, мерзімдік басылымдарда шығарылған СҚМУ авторларының мақалаларын сканирлеу арқылы жаңа ресурстармен толықтырылады.

Кітапхана пайдаланушылары университеттің ғылыми және оқу бағыттары бойынша толық мәтінді басылымдарына қол жетімді:





Thomson Reuters Science Direct Springer Directory of Open Access Repositories
Directory of open access books
Directory of open access journals
Nature
             

Электронно-библиотечная система "Лань" Республиканская межвузовская электронная библиотека Электронная библиотека "ЮРАЙТ" Единая электронная библиотека Казахстанская национальная электронная библиотека Научная электронная библиотека eLIBRARY.RU Эпиграф. Электронное образование  
             
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

ПОҚ пен студенттерге қызмет көрсету 7 абонемент пен 9 оқырман залдарында жүзеге асырылады.

Кітапхананың оқырман залдарында оқырмандар төмендегілермен пайдаланыла алады:

  • мерзімдік басылымдар қорымен
  • анықтамалық пен энциклопедиялық басылымдармен
  • электронды тасымалдаушылардағы басылымдармен
  • электронды кітапханамен
  • диссертациялар мен авторефераттар қорымен
  •  

    Кітапхананың сайтында «Виртуалды библиографиялық анықтама» қызметі көрсетіледі. Оқырман «сұрақ-жауап» режимінде оған қызықты мәселе бойынша omakarenko@nkzu.kz электрондық мекен-жайына кітапханашыға сұрақ қойып, білікті жауап ала алады. Пайдаланушыларға қызмет көрсету СҚМУ кітапхана кешенінің ақпараттық ресурстарының негізінде, соның ішінде анықтамалық-библиографиялық аппараттың және Ғаламтор ресурстарының негізінде жүзеге асады.

    Сегодня - просмотры страницы: 2; посетители: 2
    Месяц - просмотры страницы: 371; посетители: 216
    Год - просмотры страницы: 4495; посетители: 1666