2025 жылғы 28 тамызда 2 корпустың конференц-залында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған маңызды іс-шара өтті. Дөңгелек үстел әрі қарай оқу
Сөздәйектер галереясы
Көп білем десең, аздан бастап үйрен.
Факультеттер жаңалықтары
2025 жылғы 30 маусымда Тарих, экономика және құқық факультетінде осы оқу жылында факультет кеңесінің қорытынды отырысы өткізілді. Кеңесте факультет жұ әрі қарай оқу
2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті әрі қарай оқу
«Экономика» ББ түлегі Айкенов Тамерланды жоғары спорттық жетістіктерімен құттықтаймыз! 2025 жылдың сәуірінде Тамерлан Марракештің 2025 параолимпиадал әрі қарай оқу
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің медицина факультетінде Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шаран әрі қарай оқу
28 - 30 мамыр 2025ж. бірлескен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті Қоғамдық денсаулық және гигиена орталығының (Үндістан), Мидланд (Зимб әрі қарай оқу
2025 жылғы 19 мамыр Агротехнологиялық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары дәнді дақылдарды селекциялау бойынша ғылыми-тәжі әрі қарай оқу
Халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу – жастарды ғылыми қызметке тарту және біздің факультеттің ғылыми әлеуетін дамытудың тағы бір ынталандыр әрі қарай оқу
Медицина факультетінде бітіруші курс студенттерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау басталды. Бұл маңызды және көптен күткен кезең болашақ дәрігерлерд әрі қарай оқу
Магистратура
«Магистратура - сәйкес мамандық бойынша "магистр" академиялық дәрежесін бере отырып, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы.
Магистр – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже».
Қазақстан Республикасының Заңы «Білім туралы»
Магистратураның білім беру бағдарламалары (толық тізім)
2024-2025 оқу жылына қабылдау бойынша магистратураның білім беру бағдарламалары
Университет мемлекеттік білім гранттары (тапсырыс) және төлемақы негізінде білім беру қызметтерін көрсетеді.
Университетке түсу үрдісі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалар» реттелген.
Магистратурада кадрларды дайындау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- бейінді оқу мерзімі – 1-1,5 жыл.
- ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі – 2 жыл.
Бейінді магистратура терең кәсіби дайындықты меңгерген экономика, медицина, құқық, өнер, бизнес және қызмет көрсету салаларының кадрларын дайындайтын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларына оқытудың қолданбалы сипаты тән, олар кәсіби менеджерлерді дайындауды қамтамасыз етуге (басқару қызметінің барлық аспектілері бойынша жалпы бейіннің жетекшілері) және басқару дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бейінді бағыттың міндеттері:
- барлық белсенді тіршілік әрекеті бойы өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіруге, өздігінен жаңа білімді шығармашылық меңгеру қабілетін қалыптастыру;
- кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі бар мамандарды даярлау;
- ұйымдастыру дағдыларын үйрену және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Ғылыми және педагогикалық магистратура терең ғылыми-педагогикалық дайындықты меңгерген жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылыми-зерттеу секторларына арналған кадрларды дайындайтын жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын жүзеге асырады.
Ғылыми-педагогикалық бағыттың міндеттері:
- ғылым мен педагогикалық қызметтің таңдалған бағытында терең теориялық және практикалық дайындық;
- қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді шешетін, әрі оны қалыптастыруға қабілеті, азаматтық ұстанымы, кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі, соның ішінде кәсіби қарым-қатынас мәдениеті бар мамандарды даярлау;
- жоғары оқу орындарында дәріс беру, зерттеу және басқару қызметін сәтті жүзеге асыру; жоғары оқу орны педагогикасы мен психологиясы саласында, сондай-ақ жоғары оқу орнында оқыту тәжірибесіне қажетті білім жинақтау.