"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Оқи берсең, көзің ашылады, Отыра берсең, ұйқы басынады.

Мақал
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: Еуропаға қадам: «Бизнес және менеджмент» бағдарламасының тарих, экономика және құқық факультетінің студенттері Литвада білім алуда

6В04108 «Бизнес және менеджмент» (US) білім беру бағдарламасының тарих, экономика және құқық факультетінің 3 курс студенттері Яковенко Жанна Александр әрі қарай оқу

Барлығын оқу

Жаздық жұмсақ бидайдың шетелдік сорттарын салыстырмалы экологиялық сынау және аймақтың топырақ-климаттық жағдайларына неғұрлым бейімделген түрлерін бөлу

Басым бағыт: ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер

 

9 10

Жоба жетекшісі: Шаяхметова А.С. а.-ш.ғ.к., эл. пошта altyn.sh@mail.ru

Жобаны орындаушылар: магистрлер Пучкова С.Ю., Такенова Д.Е., Шаманова Ш.Ш., Амангельдина Б.К.

Орындау мерзімі: 2020-2023 жж.

Қаржыландыру көлемі: 45 000 000 теңге.

Жобаның мақсаты: Солтүстік Қазақстанның орманды даласы жағдайында шетелдік және қазақстандық асыл тұқымды жұмсақ жаздық бидай сорттарының өндірістік әлеуетін өнімділігі мен астық сапасы бойынша салыстырмалы зерттеу және өңдіріске ең перспективалы сорттарын егіншілікке енгізу.

Күтілетін нәтижелер: өндіріске пісудің орташа ерте тобының жаңа сорттарын енгізу, жаздық бидайдың шығымдылығы мен сапасын арттыруға, негізгі аурулар мен зиянкестерге төзімді болуға мүмкіндік береді. Отандық селекция сорттарымен салыстырғанда, жаңа шетелдік сорттардың жоғары шығымдылығына байланысты еңбек пен қаражаттың салыстырмалы түрде бірдей шығындарымен өнімнің өзіндік құны төмендейді.

Жобаның сипаттамасы: жаздық бидай астығын өндірудің тұрақтылығын арттыру және оның сапасын тұрақтандыру проблемалары кешенді түрде, ең алдымен, жергілікті жағдайларға жақсы бейімделген сорттар есебінен шешілуі тиіс. Осыған байланысты олардың өнімділік әлеуетін тұрақты түрде жүзеге асыра алатын және шетелдік селекция сорттарының перспективасын көрсете алатын әртүрлі сорттарды зерттеу маңызды рөл атқарады.