"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.

Шоқан Уәлиханов
Факультеттер жаңалықтары
АФ: Дала күні

2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу

ТжӘИ: «Мағжан Жұмабаев: тұлға, әдеби үрдіс және тілтаным» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті  әрі қарай оқу

Барлығын оқу

Университет тарихы

Петропавл мұғалімдер институтының алғашқы ғимараты (1937–1938)
Петропавл мұғалімдер институтының алғашқы ғимараты (1937–1938)

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарихы Қазақстан Республикасы тарихымен, оның мәдениетімен, білім беруімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі ретінде оның дамуы мен қалыптасу тарихындағы төмендегідей кезеңдерді ерекше атауға болады:

  • 1937
    Аймақтағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерінің алғышарты болып табылған Қазақ КСР Кеңхалкомының 1937 жылғы 19 наурыздағы №263 қаулысы негізінде Петропавл мұғалімдер институты ашылды. Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатының 1937 жылғы 25 шілдедегі №835 бұйрығына сәйкес, 1937 жылғы 1 қыркүйекте жаратылыстану-география және тарих факультеттерінде оқу басталды.
  • 1938
    Петропавл мұғалімдер институтында сырттай оқу бөлімінің ашылуы.
  • 1939
    Петропавл мұғалімдер институтына мемлекеттік мәртебе берілді.
  • 1945
    Петропавл мемлекеттік институтына ХІХ ғасырдың ұлы ұстазы К. Д. Ушинскийдің аты берілді.
  • 1948
    Институттың ұйымдастырушылық құрылымының өзгеруі — физика-математика факультетінің ашылуы.
  • 1955
    Петропавл мемлекеттік мұғалімдер институтының Петропавл педагогикалық институты болып қайта құрылуы.
  • 1978
    Орал политехникалық институтының Петропавл жалпы техникалық факультеті Еңбек Қызыл Ту ордені Қарағанды политехникалық институтының кешкі және сырттай оқыту үлгісіндегі жалпы техникалық факультеті болып қайта құрылды.
  • 1982
    Қарағанды политехникалық институтының Петропавл филиалының ашылуы. Филиалда машина жасау және жалпы техникалық факультеттері құрылды.
  • 1994
    Қарағанды политехникалық институты Петропавл филиалы негізінде Жоғары техникалық колледж ашылды.
  • 1994
    Петропавл педагогикалық институты негізінде Солтүстік Қазақстан университеті ашылды.
  • 1996
    Солтүстік Қазақстан университеті мен Жоғары техникалық колледж біріктіріліп, біртұтас ЖОО болды.
  • 1998
  • 2001
    ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы №163 қаулысымен университетке мемлекеттік ЖОО мәртебесі берілді.
  • 2003
    ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №497 қаулысымен университетке академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.
  • 2005
    ЖОО-ның сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2000 талаптарына сәйкестікке сертификатталды.
  • 2007
    Көп салалы колледждің ашылуы.
  • 2008
    Университет қызметіне стратегиялық жоспарлау элементтерін енгізу, университет миссиясын әзірлеу және қабылдау.
  • 2009
    Жүзу бассейнінің ашылуы. Білім туралы заңнама мен лицензиялық талаптарға сәйкестік бойынша жоспардан тыс тексерістен сәтті өту. WAP-порталдың іске қосылуы.
  • 2010
    Институционалдық аккредитациядан және мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өту. Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылу.
  • 2011
  • 2012
    М. Қозыбаев атындағы СҚМУ РМК «шаруашылық жүргізу құқығындағы» форматқа қайта ұйымдастырылды. Университеттің ресми сайтының жаңа нұсқасы іске қосылды.
  • 2013
    Үш жаңа бакалавриат мамандығының ашылуы. Үш мамандықтың ASIIN агенттігінде аккредиттелуі.
  • 2014
    Ғылыми-технологиялық парктің құрылуы. Институционалдық және 34 бағдарлама бойынша мамандандырылған аккредитациядан сәтті өту (НААР). «Серпін-2050» бағдарламасына қатысуды бастау.
  • 2015
    ASIIN-де бес мамандық бойынша аккредитация; НААР-да 19 бағдарламаның мамандандырылған аккредитациясынан сәтті өту.
  • 2016
    Ұйымдық құрылымды реформалау; Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтын қайта құру; Foundation факультетін және Байқау кеңесін құру. Ішкі сапаны қамтамасыз ету саясаты мен Академиялық саясатты қабылдау.
  • 2017
    ARTA-да 14 білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредитациясы. Университеттің 80 жылдығына арналған іс-шаралар; ЖОО басшыларымен республикалық семинар-кеңес; білім беру бағдарламаларының 100% аккредиттелуі. Диссертациялық кеңестің ашылуы; EUA-ға кіру.
  • 2018
    Инженерлік және сандық технологиялар факультеті, математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті, агротехнологиялық факультет, «Медицинаның жоғары мектебі» факультеті құрылды. Мансап және жұмыспен қамту орталығы, «QYZYLJAR» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. ТМД Желілік университетіне кіру. Бакалавриаттың 12, магистратураның 10, докторантураның 2 бағдарламасы ашылды. Академиялық адалдық лигасына кіру.
  • 2019
    8 инновациялық зертхананың, Итальян тілі мен мәдениеті орталығының, Студенттер аллеясының ашылуы. Электр энергетикасы, Машина жасау; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Информатика бойынша диссертациялық кеңестердің ашылуы.
  • 2020
    5 жаңа білім беру бағдарламасының ашылуы. 01.07.2020 бастап СҚМУ «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ болып қайта құрылды (ҚР ҚМ ММК Төрағасының 25.05.2020 №315 бұйрығы).
  • 2021
    Медиация орталығы, 1С сертификаттау орталығының ашылуы. Ұйымдық құрылымды өзгерту: әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі және технология мен жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебі құрылды. ҚР БҒМ — Аризона университеті — «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» арасындағы үшжақты келісім. ARQA-да 10 білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредитациясынан сәтті өту.
  • 2022
    Жаңа оқу-зертханалық кешеннің ашылуы. «А/ш өсімдіктерді қоректендіру технологиясы» сертификаттау орталығының ашылуы. Kozybayev University базасында тарих және археология бойынша екі филиал ашылды. IELTS тапсыру орталығы ашылды. Музейге күрделі жөндеу жүргізілді. Университеттің 85 жылдығы аталып өтті.
  • 2023
    MBA бағдарламасының іске қосылуы. ҚР Президенті Қ. Ж. Тоқаевтың университетке келуі. 5 білім беру бағдарламасы бойынша аккредитация рәсімін сәтті аяқтау. Жібек жолы АӨК білімі және ғылыми инновациялар альянсы аясында бірлескен Агрокомпетенциялар орталығын құру. 6B07107 Вагондарды жөндеу және қызмет көрсету, техникалық пайдалану бағдарламасын ашу. 8D07102 Органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша диссертациялық кеңестің ашылуы.
  • 2024
    Жаңа ұйымдық құрылым бекітілді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет, халықаралық кампус, «Serpin Qoldau» кеңсесі құрылды, инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Kozybayev University ASIIN құрған AGUNE жаһандық желісінің негізін қалаушыларының бірі болды. Шэньси провинциясындағы СБАжОШУ базасында Қытай-Қазақстан мал шаруашылығы бірлескен зертханасы ашылды. Заманауи студенттер үйі ашылды.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ тарихы келесі басылымдарда толығырақ ұсынылған: