Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
МФ: «День медицинского работника»

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің медицина факультетінде Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.  Іс- әрі қарай оқу

12 маусым 2025
МФ: Международная научно-практическая конференция

28 - 30 мамыр 2025ж. бірлескен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті  Қоғамдық денсаулық және гигиена орталығының (Үндістан), Мидланд әрі қарай оқу

09 маусым 2025
АФ: Дәнді дақылдарды селекциялау бойынша ғылыми-тәжірибелік семинар

2025 жылғы 19 мамыр Агротехнологиялық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары дәнді дақылдарды селекциялау бойынша ғылыми-тәжі әрі қарай оқу

06 маусым 2025
АФ: АӨК-Жастар, Ғылым, Инновациялар

Халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу – жастарды ғылыми қызметке тарту және біздің факультеттің ғылыми әлеуетін дамытудың тағы бір ынта әрі қарай оқу

06 маусым 2025
МФ: Независимая экзаменация

Медицина факультетінде бітіруші курс студенттерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау басталды. Бұл маңызды және көптен күткен кезең болашақ дәрігерлерд әрі қарай оқу

28 мамыр 2025
МФ: Медицина факультетіндегі жұмыс кездесуі: жедел медициналық көмек мәселелерін талқылау

Медицина факультетінде Солтүстік Қазақстан облысының облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының бас дәрігері Юрий Анатольевич Белоног пен медицина әрі қарай оқу

26 мамыр 2025
МФ: Встреча руководителей медицинского факультета и института судебных экспертиз: обсуждены шаги к стратегическому сотрудничеству

23 мамырда медицина факультетінің директоры Бахтияр Серікұлы мен сот сараптамасы институтының директоры Еркебұлан Еркенұлы Мұқановтың кездесуі өтті. Т әрі қарай оқу

23 мамыр 2025
ТжӘИ: “Отандық және әлемдік әдебиетті оқу арқылы көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2025 жылғы 22 мамырда С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада тілдік даярлық кафедрасы және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан ун әрі қарай оқу

23 мамыр 2025
ТжӘИ: Ғылми-практикалық конференциясы

М. Қозыбаев атыындағы СҚУ, Тіл және әдебиет институтында 2025 жылдың 28 сәуірінде «Тілдер мен әдебиеттерді зерттеудің теориялық және әдіснамалық әрі қарай оқу

21 мамыр 2025
МФ: Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен жұмыс кездесуі

СҚУ КЕАҚ медицина факультеті директорының жұмыс кездесуі өтті. М. Қозыбаева Б. Серік Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармас әрі қарай оқу

20 мамыр 2025
Барлығын оқу

Сәйкестендіру өлшемдері негізінде жер сілкінісінің жедел хабаршыларын іздеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу

Басым бағыт: ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер

6566

Жоба жетекшісі: Кошеков К.Т., т.ғ.д.

Жобаны орындаушылар: Курмашев И.Г., т.ғ.к., Кликушин Ю.Н., т.ғ.д., Өзбеков Н. Б., ф.-м. ғ. к., Көшекова Б. В., магистр.

Орындау мерзімі: 2018-2020 жж.

Қаржыландыру көлемі: 62 400 000 теңге.

Жобаның мақсаты: жер сілкіністері болжамының жедел хабаршыларын іздестірудің интеграцияланған ақпараттық жүйесін әзірлеу, оған сейсмограммаларды жинаудың, цифрлық өңдеудің және танудың зияткерлік алгоритмдері және сәйкестендіру өлшемдері теориясын, қазіргі заманғы компьютерлік және сымсыз инфокоммуникациялық технологияларды, машиналарды оқыту алгоритмдері мен әдістерін, BigData қолдана отырып, жер сілкіністерінің жедел хабаршыларын іздестірудің негізінде бағдарламалық қамтамасыз ету кіреді.

Күтілетін нәтижелер: Сейсмограммалардың сәйкестендіру өлшемдері негізінде жер сілкінісінің жедел хабаршыларын іздеу әдістері мен құралдары. Сәйкестендіру өлшемдерін пайдалану тек жер сілкінісінің ғана емес, сонымен қатар басқа апаттардың да жедел хабаршыларын табу және орнату мәселелерін шешу үшін өте қолайлы. Зияткерлік технологияларды қолдану пайдаланушыларға автоматты түрде сарапшылар қабылдаған терминдер бойынша сандық бағалаулар мен лингвистикалық сипаттамалар түріндегі ұсыныстарды береді.

Жобаның сипаттамасы: Жобаның негізгі идеясы сейсмограммалар мен сәйкестендіру өлшемдерін талдау, машиналық оқытудың заманауи әдістері мен BigData негізінде жедел жер сілкінісі прекурсорларын интеллектуалды іздеу үшін жаңа тиімді зияткерлік құралдарды жасау болып табылады.

Жобаның мақсаттары:

−мәліметтерді жинау мен интеллектуалды өңдеудің жоғары тиімді жүйелеріне, нақты уақыт режимінде заманауи компьютерлік және сымсыз инфокоммуникациялық технологияларға, машиналық оқытудың алгоритмдері мен әдістеріне және BigData жүйесіне негізделген ақпаратты іздеу жүйелерін дамытудың дәлелденген әдістері мен технологияларын қолдану;

− аналитикалық әдістерді, имитациялық және компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану, бағдарламалық-техникалық құралдарды әзірлеу;

−инфокоммуникациялық технологиялардың әлемдік жетекші өндірушілерінің компьютерлік технологияларын пайдалану.