6B02201 Тарих

Тарих, экономика және құқық факультеті → "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 6B02201 «Тарих» мамандығы гуманитарлық ғылымдар бакалавры

Кәсіби қызмет саласы: Ғылым, мәдени-білім саласы, мемлекеттік басқару секторы.

Кәсіби қызмет объектілері: жалпы білім беру және арнаулы мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, орта арнайы оқу орындары, ғылыми зерттеу институттары, баспалар, кітапханалар, педагогикалық, тарихи білім беру кабинеттері және білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үрдіс.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • мемлекеттік ұйымдар мен бұқаралық ақпарат (ғылыми институттар, педагогикалық және тарихи білім беру кабинеттері;
  • баспа;
  • әкімдіктер;
  • кәтапханалар;
  • мұрағаттар;
  • мұражайлар;
  • білім беру мекемелері.

Кәсіби қызмет мазмұны:

6B02201 – «Тарих» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалаврының кәсіби қызметінің мазмұны: тарих бакалаврының кәсіби қызметінің пәні болып тарихи дереккөздер, оның ішінде, мұрағат құжаттары, мұражай жәдігерлері, археологиялық-этнографиялық деректер, ұлттық кітапхана қоры, оқу-әдістемелік әдебиеттер, арнайы ғылыми зерттемелер, қазіргі нормативті-құқықтықактілер мен құжаттар болып табылады.