"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Жастар және ғылым – 2021

2021 жылғы 9 сәуірде М.Қозыбаев атындағы  СҚУ-де «Жастар және ғылым-2021» Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті.

«Ауыл шаруашылығы ғылымдарының өзекті мәселелері» секциясының жұмысына Қазақстан, Ресей, Өзбекстанның жас ғалымдары қатысты. Шетелдік және отандық ғалымдардың баяндамалары жаздық жұмсақ бидайдың қауіпсіз астығын өндіру, жаздық жұмсақ бидай ұнының нан пісіру қасиеттерін жақсарту, қарқынды егіншілік, сәндік өсімдіктерді өсіру, дәстүрлі емес тыңайтқыштарды қолдану және т. б. мәселелерге арналды.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар конференцияны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті және одан әрі бірлескен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.



09.04.2021