Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
Ғылыми-әдістемелік алаң
2021 жылғы 5 сәуірде ғылым аптасы аясында «Педагогикалық серіктестік білім сапасын арттырудың факторы ретінде» тақырыбында ашық ғылыми-әдістемелік алаң өтті.
Ғылыми-әдістемелік алаңның жұмысына БМДБТӘ кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары, Білім берудегі әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары және 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттері қатысты.
Жұмыс қашықтан байланыс технологияларын қолдану арқылы ұйымдастырылды. Қатысушылар облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда тиімді білім беру технологияларын қолдану әдістемесі бойынша тәжірибелерін ұсынды.
