Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Спорт
2021 жылдың 16-18 наурызында М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттері мен магистранттары арасында кёрлингтен жарыс өтті. Жарыс «Сұңқар» спорт клубының кубогі үшін ұйымдастырылды. Жарыстың қорытындысы бойынша Агротехнологиялық факультеттің командасы ІІІ орын иеленді. Команданың құрамы: Смирнова Ангелина, Перевощикова Екатерина, Нурканов Самат, Оканов Рамазан, Дюсенова Томирис.
2021 жылдың 17-19 наурыз аралығында М.Қозыбаев атындағы СҚУ жатақханада тұратын студенттердің арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыс Рухани жаңғыру студенттер спартакиядасы аясында ұйымдастырылды. Агротехнологиялық факультеттің намысын 2 қыздар командасы мен 2 ұлдар командалары қорғады және жарыстың қорытындысы бойынша қыздар І және ІІІ орынды, ұлдар ІІ және ІІІ орын иеленді.
|
|
