Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты ойын алаңы

17 .03.2021ж «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен наурыз  мерекесіне орай «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты ойын алаңын өткізілді. Шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп,  жастарға ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, ұлжандылыққа тәрбиелеу. Ойынға университетімізді бірінші курс студенттері (қазақ тілін меңгеруі деңгейі бойынша В2) 2 команда болып қатысты. Шара барысында команда өздерін таныстырды, сондай-ақ салт-дәстүрлерге байланысты «Кім жүйрік» атты команда басшылары арасында викториналық сұрақтар бойынша жарыс өтті, «Мықты болсаң, тауып көр» атты сурет бойынша рәсімдерді анықтаудан сайыс болды, «Ұлттық ойындар» атты бейне-роликтен ойын түрін табу бойынша тапсырмалар берілді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.

             

 

         

17.03.2021