М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да талапкерлердің басты емтиханы өтуде

Биылғы ҰБТ-ға облыс бойынша 1629 адам қатысуға ниет білдірді, оның ішінде 1190-ы мектеп бітірушілері, 439-ы өткен жылдар мен колледж түлектері екен. Оқу ордамызда сынақ маусымның 24-і мен шілденің 3 аралығында өтпек.

Биыл ҰБТ алғаш рет жаңа форматта өтеді: түлектер коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантиннің қатаң талаптарын сақтауы тиіс. Яғни тест тапсырушылар зарарсыздандыру тоннелінен өту керек. Кейін олар қолдарын антисептикалық сұйықтықпен тазалайды. Бұнымен қоса, тест тапсыру пунктіне кірер алдында оқушылардың дене қызуы өлшенеді.  Осыдан соң тест тапсырушы өзінің бет әлпетін арнайы бағдарлама арқылы сәйкестендіріп, өзі тағып келген медициналық маскасын кіреберісте берілетін жаңасымен алмастырады.

ҰБТ тапсыру ережесі де қатал. Түлектер үшін тыйым салынған заттар туралы талап өзгерді. Егер бұған дейін оқушыдан тыйым салынған зат немесе құрылғы табылса, ол емтиханға қатыса беретін, осы жылдан бастап оқушы тестілеуге мүлдем кіргізілмейтін болды.

Айта кететін жайт, бұған дейін талапкерлерге тапсырманы орындауға 4 сағат береді.

24.06.2020